2012 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 2/01 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 ақпанда N 8-9-127 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 03/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 17.01.2013 N 03/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттар халықтың нысаналы топтары болып анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      4) қырық бес жастан асқан адамдар;
      5) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін адамдар;
      6) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      7) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      8) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      10) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      11) мүгедектер;
      12) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      13) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      14) оралмандар;
      15) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      2. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – жұмыспен қамту бөлім):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіптік даярлауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Жұмыс берушілер:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдессін;
      2) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын уәкілетті органға толық көлемде ақпарат беруге;
      3) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімге мәлімет жіберуге;
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақытында (жұмыспен қамту бөлім азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) ақпарат берсін (жұмыспен қамту бөлім берген жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін көрсете отырып).
      4. Абай ауданының әкімдігі 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 28/17 "2011 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-98 тіркелген, 2011 жылғы 21 қаңтардағы N 3 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.

      Абай ауданының әкімі                       Е. Нашаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады