Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 24.02.2015 N 01 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйек "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес, сайлау учаскелерін басқа жерге орналастырумен байланысты Абай ауданының әкiмi ШЕШТI:
1. Абай ауданы әкімінің 2009 жылғы 26 ақпандағы "Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамырдағы "Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" N 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 1 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 8-9-55 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 15 "Абай-Ақиқат" аудандық газетте жарияланған) өзгерістер енгізілген, Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамырдағы "Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" N 3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 8-9-32 тіркелген, 2007 жылғы 23 маусымдағы N 25 "Абай-Ақиқат" аудандық газетте жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақтың бірінші азатжолы келесі редакцияда жазылсын:
"Абай ауданы бойынша 41 сайлау учаскесi құрылсын және оларға төмендегi мекен-жайлар жатқызылсын:";
2) 1 тармақтың 1) тармақшасында:
сегізінші азатжол келесі редакцияда жазылсын:
"Абай қаласы, Гете көшесi, N 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 24а, 24б;";
3) 1 тармақтың 6) тармақшасында "Абай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты" сөздері "бұрынғы N 5 орта мектебінің ғимараты" сөздерімен ауыстырылсын;
4) 1 тармақтың 7) тармақшасы "Абай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты" сөздері "бұрынғы N 5 орта мектебінің ғимараты" сөздерімен ауыстырылсын;
5) 1 тармақтың 8) тармақшасы ""Абай ауданының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты" сөздері "бұрынғы N 5 орта мектебінің ғимараты" сөздерімен ауыстырылсын;
6) 1 тармақтың 13) тармақшасындағы бірінші азатжол келесі редакцияда жазылсын:
"N 604 сайлау учаскесi, орталығы аудандық мәдениет үйiнiң ғимараты, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Абай қаласы, Абай көшесi, 23а үй:";
7) 1 тармақтың 14) тармақшасында:
бірінші азатжол келесі редакцияда жазылсын:
"N 605 сайлау учаскесi, орталығы Абай ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ғимараты, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Абай қаласы, Гете көшесi, 26 үй:";
екінші азатжол "19" цифрлардан кейін ", 15а" цифрлармен толықтырылсын;
8) 1 тармақтың 20) тармақшасы "Карабас кентiнiң бастаушы орта мектебiнiң ғимараты" сөздері "Қарабас кенті мәдениет үйінің ғимараты" сөздерімен ауыстырылсын;
9) 1 тармақтың 30) тармақшасы алып тасталсын;
10) 1 тармақтың 32) тармақшасында:
"Сарепта селосы орта мектебiнiң ғимараты" сөздері "Сарепта селосындағы мәдени-бос уақыт өткізу орталығының ғимараты" сөздерімен ауыстырылсын;
үшінші азатжол алып тасталсын;
11) 1 тармақтың 33) тармақшасы "Есенгелдi селосы моделдiк кiтапханасының ғимараты" сөздері "Есенгелді ауылындағы клубтың ғимараты" сөздерімен ауыстырылсын;
12) 1 тармақтың 36) тармақшасы "Көксу селосы орта мектебiнiң ғимараты" сөздері "Көксу селосы мәдениет үйінің ғимараты" сөздерімен ауыстырылсын;
13) 1 тармақтың 42) тармақшасы "Көксу селосы Жартас санаториясының ғимараты" сөздері "Ақбұлақ" балабақша-мектеп" кешені" мемлекеттік мекеменің ғимараты" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм бiрiншi ресми басылымға шыққан күннен бастап 10 күннен кейiн күшiне енедi.
Абай ауданының әкiмi Е. Нашаров
"КЕЛIСIЛДI"
Абай аудандық аймақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Құсайын Әшiмов
31.12.2010 ж.