Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамырдағы "Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" N 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 наурызда N 8-9-55 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы N 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 24.02.2015 N 01 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйек "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес және ғимараттың баланстық тиістілігінің өзгеруіне және қайта жабдықталуына байланысты Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамырдағы "Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" N 3 шешіміне (Абай ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 21 маусымдағы N 8-9-32 тіркелген, 2007 жылғы 23 маусымдағы аудандық "Абай ақиқат" газетінің N 25 басылған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармағының 6 тармақшасы "N 597 сайлау учаскесі, орталығы  Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті Абай ауданы бойынша басқармасының ғимараты, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Абай қаласы, 3 шағын аудан, 42 үй" сөздері "N 597 сайлау учаскесі, орталығы "Абай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Абай қаласы, 3 шағын ауданы, 43 үй" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) 1 тармағының 7 тармақшасы "N 598 сайлау учаскесі, орталығы  N 5 орта мектептің ғимараты, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Абай қаласы, 3 шағын аудан, 43 үй" сөздері "N 598 сайлау учаскесі, орталығы "Абай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Абай қаласы, 3 шағын ауданы, 43 үй" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) 1 тармағының 8 тармақшасы "N 599 сайлау учаскесі, орталығы  N 5 орта мектептің ғимараты, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Абай қаласы, 3 шағын аудан, 43 үй" сөздері "N 599 сайлау учаскесі, орталығы "Абай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, мына мекен-жай бойынша орналасқан: Абай қаласы, 3 шағын ауданы, 43 үй" сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім бірінші ресми басылымға шыққан күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Абай аудандық аймақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Құсайын Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады