Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 02 маусымдағы N 14/06 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 маусымда N 8-11-97 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 16/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2011.06.23 N 16/06 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің қоса берілген қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте, өкілетті орган тіркеуге қойған, мақсатты топтардан жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрсын.
      3. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет қылған мақсатты топтардан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жұмысқа бағыттау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарттар жасау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тиімділігін, жасалған шарттардың орындалуын қадағалау жөнінде жұмыс жүргізсін;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың мониторингін жүргізсін;
      5) мақсатты топтардағы жұмыссыздардың еңбекақы төлемі үшін жұмыс беруші шығынының өтемақысы Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен бір қызметкерге жиырма мың теңге көлемінде жүргізілсін.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді мақсатты трансферттер қаржысынан, шығындар өтемақысының есебімен жұмыс берушінің қаржысынан отыз бес мың теңге көлемде төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 16/02 "Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу нөмірі N 8-11-78, 2009 жылғы 25 шілдедегі аудандық "Сарыарқа" газетінде жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі, ал 3 тармақтың 5 тармақшасы 2010 жылдың 1 маусымында қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Нашаров

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 02 маусымдағы
N 14/06 қаулысымен бекітілген

Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу қағидасы

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға уәкілетті органға "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі уәкілетті орган) өтініш береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі, еңбекақыны уақытында төлеуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техника нормаларына сәйкестігі, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен жасалған келісім әрекетінің мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
      Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтай құжаттарын немесе жеке кәсіпкер куәлігін ұсынады.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға уәкілетті органмен шарт жасайды. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбек төлемдерінің мөлшері және шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Шарт 6 айдан артық емес мерзімге жасалады. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс.
      4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек шартын жасайды, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
      6. Жұмыс берушілер еңбек төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін ай сайын ағымдағы айдың 20 дейін уәкілетті органға белгіленген тәртіпте жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстар актісін ұсынады.
      7. Осы нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасының орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 02 июня 2010 года N 14/06. Зарегистрировано Управлением юстиции Бухар-Жырауского района Карагандинской области 18 июня 2010 года N 8-11-97. Утратило силу - постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 23 июня 2011 года N 16/06

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 23.06.2011 N 16/06 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях оказания социальной поддержки безработным гражданам, относящимся к целевым группам, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить правила отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп, согласно приложения к настоящему постановлению.
      2. Организациям, предприятиям, учреждениям района создать социальные рабочие места для временного трудоустройства безработных граждан из целевых групп, зарегистрированных уполномоченным органом, в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
      3. Государственному учреждению "Бухар-Жырауский районный отдел занятости и социальных программ":
      1) проводить работу по приему и направлению на работу безработных граждан из целевых групп, изъявивших желание работать на социальных рабочих местах;
      2) проводить работу по заключению договоров с работодателями по трудоустройству данной категории граждан;
      3) проводить работу по отслеживанию эффективности организации социальных рабочих мест, исполнению заключенных договоров;
      4) проводить мониторинг трудоустройства на социальные рабочие места;
      5) производить компенсацию затрат работодателя на оплату труда безработных из целевых групп в размере двадцати тысяч тенге на одного работника за счет целевых трансфертов из Республиканского бюджета.
      4. Работодателям, у которых организованы социальные рабочие места, обеспечить оплату труда безработных в размере тридцати пяти тысяч тенге за счет средств работодателя с учетом компенсации затрат из средств целевых трансфертов.
      5. Признать утратившим силу постановление акимата Бухар-Жырауского района "Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп" от 23 июня 2009 года N 16/02 (регистрационный номер N 8-11-78, опубликовано 25 июля 2009 года в районной газете "Сары-Арка").
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Бухар-Жырауского района Әли Асхат Сағадиұлы.
      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования, за исключением подпункта 5 пункта 3, который вводится в действие с 1 июня 2010 года.

      Аким района                                Е. Нашаров

Утверждено
постановлением акимата
Бухар-Жырауского района
N 14/06 от 02 июня 2010 года

ПРАВИЛА
отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

      1. Работодатель подает заявку на организацию социальных рабочих мест в Уполномоченный орган Государственное учреждение "Бухар-Жырауский районный отдел занятости и социальных программ" (далее Уполномоченный орган).
      2. При отборе работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, Уполномоченный орган учитывает следующие требования: платежеспособность предприятия, своевременность выплаты заработной платы, соответствие рабочего места нормам техники безопасности, соблюдение на предприятии норм Трудового кодекса Республики Казахстан, возможность предоставления безработному постоянной работы по истечении срока действия заключенного договора с уполномоченным органом.
      Работодатель для участия в отборе предоставляет учредительные документы либо свидетельство индивидуального предпринимателя.
      3. Работодатель заключает договор с Уполномоченным органом на организацию социальных рабочих мест. В договоре отражаются обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест, количество направляемых безработных. Договор заключается на срок не более 6 месяцев. Работа носит временный характер, и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      4. Уполномоченный орган выдает направление безработным из целевых групп населения для трудоустройства на социальное рабочее место.
      5. Работодатель принимает на социальное рабочее место направляемого безработного, заключает с ним трудовой договор, предоставляет рабочее место, соответствующее нормам техники безопасности.
      6. Работодатели для возмещения расходов по оплате труда ежемесячно до 20 числа текущего месяца предоставляют в Уполномоченный орган в установленном порядке: выписку из приказа о приеме на работу, табель учета рабочего времени, отчет о принятых на социальные рабочие места работников и акт выполненных работ.
      7. Контроль за исполнением настоящих правил отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп, возлагается на Уполномоченный орган.