Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2011.06.23 N 16/06 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің қоса берілген қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте, өкілетті орган тіркеуге қойған, мақсатты топтардан жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрсын.
3. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет қылған мақсатты топтардан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жұмысқа бағыттау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарттар жасау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тиімділігін, жасалған шарттардың орындалуын қадағалау жөнінде жұмыс жүргізсін;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың мониторингін жүргізсін;
5) мақсатты топтардағы жұмыссыздардың еңбекақы төлемі үшін жұмыс беруші шығынының өтемақысы Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен бір қызметкерге жиырма мың теңге көлемінде жүргізілсін.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді мақсатты трансферттер қаржысынан, шығындар өтемақысының есебімен жұмыс берушінің қаржысынан отыз бес мың теңге көлемде төлеуді қамтамасыз етсін.
5. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 16/02 "Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу нөмірі N 8-11-78, 2009 жылғы 25 шілдедегі аудандық "Сарыарқа" газетінде жарияланған).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі, ал 3 тармақтың 5 тармақшасы 2010 жылдың 1 маусымында қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Нашаров
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 02 маусымдағы
N 14/06 қаулысымен бекітілген
Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу қағидасы
1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға уәкілетті органға "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі уәкілетті орган) өтініш береді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі, еңбекақыны уақытында төлеуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техника нормаларына сәйкестігі, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен жасалған келісім әрекетінің мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтай құжаттарын немесе жеке кәсіпкер куәлігін ұсынады.
3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға уәкілетті органмен шарт жасайды. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбек төлемдерінің мөлшері және шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Шарт 6 айдан артық емес мерзімге жасалады. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс.
4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек шартын жасайды, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
6. Жұмыс берушілер еңбек төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін ай сайын ағымдағы айдың 20 дейін уәкілетті органға белгіленген тәртіпте жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстар актісін ұсынады.
7. Осы нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасының орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.