Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 16/06 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 шілдеде N 8-11-116 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі N 29/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің 2012.09.24 N 29/04 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет қылған мақсатты топтардан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және бағыттау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарттар жасау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тиімділігін, жасалған шарттардың орындалуын қадағалау жөнінде жұмыс жүргізсін;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың мониторингін жүргізсін;
      5) мақсатты топтардағы жұмыссыздардың еңбекақы төлемі үшін жұмыс беруші шығынының өтемақысы жергілікті бюджеттен мақсатты бір қызметкерге жеті мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз теңге, елу тиын көлемінде жүргізілсін.
      2. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы N 14/06 "Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-11-97 болып тіркелген, аудандық "Сарыарқа" газетінде 2010 жылғы 26 маусымында N 25 (851) жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады