Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2011.12.08 N 6 (алғаш рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылдың 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында жасы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды "Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
2. "2010 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы" Қарқаралы ауданы әкімінің 2010 жылдың 05 қаңтардағы N 1 шешімінің (Қарқаралы ауданы әділет басқармасында 2010 жылдың 02 ақпанындағы N 8-13-75 болып тіркелген, 2010 жылдың 06 ақпанында "Қарқаралы" газетінің N 11-12 жарияланған) күші жойылсын.
3. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Әкім С. Аймаков