2012 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 6 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 8-13-114 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылдың 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды "Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу өткізілсін.

      2. "2011 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы" Қарқаралы ауданы әкімінің 2010 жылдың 20 желтоқсандағы N 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-13-91 болып тіркелген, 2010 жылдың 25 желтоқсанда "Қарқаралы" газетінің N 103-104 (10915) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енеді.

К. Максутов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады