2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы бойынша 2011 жылға салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері, аудан базарларында бір жолғы талонның бағасы 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Талдыбаев |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | О. Жүкібаев |
Келісілді: | |
Қарқаралы ауданы бойынша | |
салық басқармасының бастығы | |
__________________ Қ. Өтебаев | |
23 желтоқсан 2010 жыл
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/279 шешіміне 1 қосымша |
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері
| Салық салу объектісінің атауы | 2011 жылға салынатын тіркелген салықтың базалық ставкасының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы | 10 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы | 15 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер | 4 |
4. | Ойын жолы | 75 |
5. | Карт | 10 |
6. | Бильярд үстелі | 23 |
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/279 шешіміне 2 қосымша |
Аудан базарларында бір жолғы талонның бағалары
Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік әрекеттің түрлері | Бір жолғы талонның 1 күнгі бағасы |
теңгемен 2011 жылға | |
1. Сату (стационарлық үй – жайда іске асырылатын кәсіпті қоспағанда). | |
1) Газет пен журналдар | 84 |
2) Тұқым және егу материалдары | 1243 |
3) Бақша дақылдары | 50 |
4) Саяжай мен үй жанында өсірілген тірі гүлдер | 1243 |
5) Үй жанында және саяжай учаскелерінде алынған ауыл шаруашылығы өнімдері | 155 |
2. Жер учаскілерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері. | |
1) Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері | 367 |
3. Қарқаралы ауданы базарларындағы бір жолғы талондар бағасы. | |
| 1 шаршы метр мөлшері теңгемен |
1) Азық-түлік | 30 |
2) Өндіріс тауарлары | 40 |