Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 254 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/43 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне осы қаулы мен шешімге қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Көшербаев |
Сессия төрағасы | Қ. Келжанов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Шелпеков |
Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 276 қаулысына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/319 шешіміне қосымша |
Өзгерістер енгізіліп жатырған кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихаты шешімдерінің тізбесі
1) бірлескен "Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 13/233 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 қарашадағы № 319 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1935 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы № 8 санында жарияланған):шешімнің кіріспесіне:
"құрылымы" деген сөз "құрылысы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әкімияты" деген сөз "әкімдігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) бірлескен "Сайөтес селолық округінің құрамына Боздақ селосын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы № 15/258 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімиятының 2006 жылғы 15 наурыздағы № 80 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1943 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2006 жылғы 13 мамырдағы № 58 санында жарияланған):
шешімнің кіріспесіне:
"құрылымы" деген сөз "құрылысы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әкімияты" деген сөз "әкімдігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) бірлескен "Бейнеу ауданының Ақжігіт селолық округінің құрамында Тәжен аулын құру туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 16/288 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 188 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1953 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 145-146 санында жарияланған):
шешімнің кіріспесіне:
"құрылымы" деген сөз "құрылысы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) бірлескен "Өмірзақ кентін "ауыл (село)" санатына жатқызу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 16/289 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 239 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1954 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 145-146 санында жарияланған):
шешімнің кіріспесіне:
"құрылымы" деген сөз "құрылысы" деген сөзбен ауыстырылсын.