Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылдық округінің құрамында Тәжен аулын құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі N 16/288 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 188 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 28 тамызда N 1953 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша: «селолық», «селосымен» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылымен», деген сөздерімен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390   бірлескен қаулысымен және шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ақжігіт ауылдық округінің құрамында Тәжен ауылын құру туралы Бейнеу аудандық мәслихатының шешімі мен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. 2006 жылдың 1 қаңтарына 120 адам тұрғын санымен және 13000 га аумақпен, Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылдық округінің құрамында батысында Ақжігіт ауылымен, шығысында Өзбекстан Республикасымен, оңтүстігі мен солтүстігінде мемлекеттік жер қоры аумағымен шектесетін Тәжен ауылы құрылсын.

      2. Осы шешім және қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

       Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады