Ескерту. Тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша: «селолық», «селосын», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылын», «ауылы» деген сөздерімен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Маңғыстау аудандық мәслихаты мен Маңғыстау ауданы әкімиятының Сайөтес ауылдық округінің құрамына Боздақ ауылын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сайөтес ауылдық округінің құрамына Боздақ ауылы, 2006 жылдың 1 қаңтарына 314 адам халық санымен құрылсын және ол Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізілсін.
2. Осы шешім мен қаулы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы