Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011.12.06 № 39/453 шешімімен.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Маңғыстау облысының жасыл желекті екпелерін қүтіп ұстау және қорғау Ережелері туралы» облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 14 қазандағы № 17/313 шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тізiлiмiнде № 1958 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 2 желтоқсандағы № 195-196 жарияланған) мына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің кіріспесі, Ереженің кіріспесіндегі бірінші абзац «басқару» деген сөзден кейін «және өзін - өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2 - бөлімде:
2 - тармақтағы «жол бермеуге міндетті» деген сөздер «жол берілмеуі қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 - тармақтағы «қамтамасыз етуге міндетті» деген сөздер «қамтамасыз етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7 - тармақтағы «қадағалап отыруға міндетті» деген сөздер «қадағалайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 5 - бөлімінің 11 - тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
4) 6 - бөлімде:
3 - тармақтағы «тыйым салынады» деген сөздер «жол берілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 - тармақтағы «тыйым салынады» деген сөздер «жол берілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын; 15 - тармақтағы «қамтамасыз етуі тиіс» деген сөздер «қамтамасыз етуі қажет» деген сөздермен ауыстырылсын.
5) 7 - бөлімінің 5 - тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
6) 8 - бөлімінің 2 - тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Сарбасов
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Шелпеков