"Маңғыстау облысының жасыл желекті екпелерін күтіп ұстау және қорғау Ережелері туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 14 қазандағы № 17/313 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/344 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қаңтарда № 2095 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 06 желтоқсандағы № 39/453 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011.12.06  № 39/453 шешімімен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Маңғыстау облысының жасыл желекті екпелерін қүтіп ұстау және қорғау Ережелері туралы» облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 14 қазандағы № 17/313 шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тізiлiмiнде № 1958 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 2 желтоқсандағы № 195-196 жарияланған) мына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) шешімнің кіріспесі, Ереженің кіріспесіндегі бірінші абзац «басқару» деген сөзден кейін «және өзін - өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 2 - бөлімде:
      2 - тармақтағы «жол бермеуге міндетті» деген сөздер «жол берілмеуі қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 - тармақтағы «қамтамасыз етуге міндетті» деген сөздер «қамтамасыз етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7 - тармақтағы «қадағалап отыруға міндетті» деген сөздер «қадағалайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 5 - бөлімінің 11 - тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      4) 6 - бөлімде:
      3 - тармақтағы «тыйым салынады» деген сөздер «жол берілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4 - тармақтағы «тыйым салынады» деген сөздер «жол берілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын; 15 - тармақтағы «қамтамасыз етуі тиіс» деген сөздер «қамтамасыз етуі қажет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5) 7 - бөлімінің 5 - тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      6) 8 - бөлімінің 2 - тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Ж. Сарбасов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Шелпеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады