Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Барлық тұрғындардың көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты мына елді мекендер таратылсын:
Денисов ауданы Заәйет ауылдық округінің Ақсу ауылы,
Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің Назаров ауылы,
Таран ауданы Үшсор ауылдық округінің Үшсор ауылы,
Таран ауданы Набережный ауылдық округінің Халвай ауылы.
2. Таран ауданы Үшсор ауылдық округі Смайыл ауылы болып қайта құрылсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы әкімі
____________ С. Кулагин
Сессия төрағасы, Қостанай
облыстық мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы
______________ И. Аронова
"Қостанай облысы әкімінің аппараты"
Мемлекеттік мекемесі заңдық сараптау
және мемлекеттік қызмет мониторингі
бөлімінің меңгерушісі
_____________ Г. Төлеубаева
"Қостанай облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
_____________ Ж. Теңгебаева