Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011.06.23 № 08-10/1744 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2010 жылдың мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 103 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3711, 2010 жылы 27 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
44-тармақта "139" деген сандар "81" деген сандармен ауыстырылсын;
47-тармақта "108" деген сандар "79" деген сандармен ауыстырылсын;
52-тармақта "54" деген сандар "27" деген сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
14-тармақта "25" деген сандар "52" деген сандармен ауыстырылсын;
25-тармақта "75" деген сандар "105" деген сандармен ауыстырылсын;
27-тармақта "50" деген сандар "77" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 44 тармақпен толықтырылсын:
"
44. |
"0512000 Аударма ісі |
30 |
2 жыл 10 ай |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысына енгізілген өзгерістерді тиісті оқу орындарында белгіленген заңнамалық тәртіпте орналастырсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай
облысының әкімі С. Кулагин