Әкімдіктің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 103 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2010 жылдың мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 369 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 қазанда № 3737 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 23 маусымдағы № 08-10/1744 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011.06.23 № 08-10/1744 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2010 жылдың мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 103 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3711, 2010 жылы 27 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      44-тармақта "139" деген сандар "81" деген сандармен ауыстырылсын;
      47-тармақта "108" деген сандар "79" деген сандармен ауыстырылсын;
      52-тармақта "54" деген сандар "27" деген сандармен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
      14-тармақта "25" деген сандар "52" деген сандармен ауыстырылсын;
      25-тармақта "75" деген сандар "105" деген сандармен ауыстырылсын;
      27-тармақта "50" деген сандар "77" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 44 тармақпен толықтырылсын:
      "

44.

"0512000 Аударма ісі
0512013 аудармашы"

30

2 жыл 10 ай

                                                         ".
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысына енгізілген өзгерістерді тиісті оқу орындарында белгіленген заңнамалық тәртіпте орналастырсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            С. Кулагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады