Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Рудный қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін (1-қосымша).
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Рудный қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы мәслихатының 15.03.2017 № 132 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Есжанов |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Төкенов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің жер
қатынастары басқармасы" мемлекеттік
мекемесі бастығының міндетін атқарушы
_______________________ Н. Абдуов
3 желтоқсан 2010 жыл
Мәслихаттың 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 353 шешіміне 1-қосымша |
Рудный қаласының жер телімдері үшін төлемақының
базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Аймақтың нөмірі | Жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенті |
1 | 2,0 |
2 | 1,6 |
3 | 1,4 |
4 | 1,0 |
5 | 0,8 |
Мәслихаттың 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 353 шешіміне 2-қосымша |