1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 352 "Рудный қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Рудный қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";
2-тармағы жана редакцияда жазылсын:
"2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Рудный қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары бекітілсін.";
жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Рудный қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Ахметов |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің
жер қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Н. Абдуов
2017 жылғы 15 наурыз