Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 29.04.2014 № 956 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерді және мүгедек-балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарды тегін көлікпен тасымалдау бойынша қосымша әлеуметтік көмек түрі көзделсін. Бұл әлеуметтік көмек автомобиль көлігімен тасымалдау бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік көлеміне кіретін, мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі (ұйымдарындағы) адамдарға көрсетілмейді.
2. Белгіленсін:
1) тегін көлікпен тасымалдау бойынша қосымша әлеуметтік көмек түрі тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерге және мүгедек-балаларға, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарға көрсетіледі;
2) инфрақұрылым объектілеріндегі қабатаралық тасымалдау көмегі мен жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемелерге жеткізуден басқа, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне (бару және келу) бару үшін Қостанай қаласы аумағы шегінде мүгедектерді көлікпен тасымалдау мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен жүргізіледі;
2-1) Қостанай облысының аумағында Қостанай қаласының сыртында орналасқан арнайы білім беру ұйымдарының объектілеріне бару үшін мүгедек-балаларды және оларды жетелейтін тұлғаларды автомобиль көлігімен Қостанай қаласынан және кері тегін тасымалдау жүргізіледі;
3) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерді және мүгедек-балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарды тегін көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады;
4) уәкілетті орган тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерді және мүгедек-балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарды тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өткізеді;
5) тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерді және мүгедек-балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарды тегін көлікпен тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тұлға мен уәкілетті органның арасындағы қатынастар мемлекеттік сатып алу туралы шартымен ресімделеді.
Ескерту. Қаулысы 2-1) тармақшамен толықтырылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 14.05.2013 № 1051 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 44 (№ 9-1-116 бойынша Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 39 "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Қостанай қаласының
әкімі Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Рубинский
"Қостанай қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Л.Кураева