Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 29.04.2014 № 956 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 38 "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-142 тіркелген, 2010 жылғы 23 ақпанда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақ келесі мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қостанай облысының аумағында Қостанай қаласының сыртында орналасқан арнайы білім беру ұйымдарының объектілеріне бару үшін мүгедек-балаларды және оларды жетелейтін тұлғаларды автомобиль көлігімен Қостанай қаласынан және кері тегін тасымалдау жүргізіледі;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
Әкім Ғ. Нұрмұхамбетов
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалары
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______ В. Константинов