Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 44 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда № 9-1-116 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010.01.11 № 38 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бюджетті іске асыру мақсатында мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету көзделсін.
      2. Белгіленсін:
      1) тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерге тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-балаларға және бірінші, екінші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарға көрсетіледі;
      2) инфрақұрылым объектілеріндегі қабатаралық тасымалдау көмегі мен жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне (бару және келу) бару үшін Қостанай қаласы аумағы шегінде мүгедектерді көлікпен тасымалдау мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен жүргізіледі;
      3) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады;
      4) уәкілетті орган мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өткізеді;
      5) мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйым мен уәкілетті органның арасындағы қатынастар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартымен ресімделеді.
      3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 799 "Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы" (тіркеу нөмірі 9-1-103, 2008 жылғы 22 мамырдағы № 39 "Қостанай" газеті) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Ғ. Нұрмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады