Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 19.06.2014 № 210 шешімімен (қабылданған күннен бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасын және 2010 жылғы 25 қаңтардағы Алтынсарин аудандық әкімдігінің № 34 "Ауылдық ( селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салаларының қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеуге құқығы бар лауазымдар тізімін анықтау туралы" қаулысын орындауда, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салаларының қызметшілеріне қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин
аудандық мәслихатының
кезекті, он екінші
сессиясының төрағасы М. Бадыров
Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Құлмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
экономика және бюджетті жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________________ Л. Калюжная