Бюджеттік қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 34 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 наурызда № 9-5-103 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 30.06.2011 № 201 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, 18 бабының 2)-тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бюджеттік қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі бірінші орынбасарының міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпараттық құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ

      Алтынсарин аудандық мәслихатының
      хатшысы _______ Т. Кұлмағамбетов
 
 

Әкімдіктің       
2010 жылғы 25 қаңтар  
№ 34 қаулысына қосымша 

Бюджеттік қаражаты есебінен ауылдық (селолық)
жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент
жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды
алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт
мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) құрылымдық бөлімшенің бастығы;
      2) күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) жалпы білім беру мектебінің директоры (меңгерушісі);
      2) мектеп-интернат директоры (меңгерушісі);
      3) барлық мамандықтардың мұғалімдері;
      4) дене тәрбиесінің мұғалімі;
      5) бастапқы әскери дайындығының мұғалімі;
      6) директордың оқу, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары бойынша, мамандық бойынша оқыту, ақпараттық технологиялар бойынша жалпы білім беру мектептердің, мектеп-интернаттарының және басқа да орта, қосымша бастауыш білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары;
      7) әлеуметтік педагог;
      8) педагог-ұйымдастырушы;
      9) қосымша білім беру педагогі;
      10) педагог-психолог;
      11) аға вожатый;
      12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      13) музыкалық жетекші;
      14) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
      15) әдіскер;
      16) медбике;
      17) кітапханашы;
      3. Мәдениет лауазымдарының мамандары:
      1) қазынашылық кәсіпорынның және мемлекеттік мекемесінің басшысы;
      2) сектор, бөлім, қорсақтау меңгерушісі;
      3) сектор жетекшісі;
      4) сүретші-ресімдеуші, сүретші-реставратор, қоюшы сүретші;
      5) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;
      6) көркем жетекшісі;
      7) мәдени ұйымдастырушы;
      8) бейнеоператор;
      9) сақтау жөніндегі маман;
      10) кітапханашы, жинақтаушы-кітапханашы;
      11) библиограф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады