"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)–тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 94 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, көлемдері, түрлері және жағдайлары туралы" (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 9-5-104 болып тіркелген, 2010 жылдың 22 сәуірінде "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері және түрлері, қоғамдық жұмыстар үшін жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Бондаренко
КЕЛIСIЛДI:
"Алтынсарин ауданы әкiмдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
________________ Э. Құсайынова
"Алтынсарин ауданы әкiмдігінің
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
________________ Е. Нұрғалиев
"Көмек-Алтын" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорынның
директоры
_____________ Қ. Торғаев
Әкімдіктің
2010 жылғы 28 сәуірдегі
№ 125 қаулысына қосымша
Әкімдіктің
2010 жылғы 7 сәуірдегі
№ 94 қаулысымен бекітілген
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың
көлемдері және түрлері, қоғамдық жұмыстар
үшін жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі
Ұйымның |
Жұмыстар мен қызметтер |
Орындалған |
"Көмек-Алтын" |
Қызметкердің алдын ала |
|