Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011.02.24 № 55 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан туындаған іс–қимылдарға таратылады) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағына, "Ұзынкөл ауданының 2010-2012 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-19-118 нөмірімен тіркелген, "Нұрлы жол" 2010 жылдың 15 қаңтарда жарияланған) Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 230 шешіміне сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек түрінде әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жарым көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
2) халықаралық қарттар және мүгедектер күніне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне үш мың теңге мөлшерінде;
3) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін қайтқан адамның отбасы мүшелеріне, қайтқан күні бірге тұрған немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
4) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде егер ата-ананың біреуі немесе заңды өкіл жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органда қайтыс болған күні тіркелген болса біржолғы әлеуметтік көмек төленеді;
5) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек;
6) өкілеттік органда есепте аз қамтылғандар ретінде тұрған азаматтарға азық-түлік корзинасының ұлғайуына байланысты айлық есептік көрсеткіштің көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
7) орта және жоғары білім алуына байланысты шығындардың орнын толтыру үшін халықтың әлеуметтік қорғалатын қабатына жататын және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек;
8) орта және жоғары білім алуына байланысты шығындардың орнын толтыру үшін ең төмен күнкөріс деңгейдегі жан басына шаққандағы орташа табысты отбасылардағы және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек;
9) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне отыз бес мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.04.05 № 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын (әрі қарай - өкілетті орган).
3. Осы қаулының 1 тармағының 1), 3), 4), 5) тармақтарымен қарастырылған, жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне, азық - түлік корзинасының мөлшерінің өсуіне есепте тұрған аз қамтылған азаматтарға ай сайын берілетін әлеуметтік көмек арыз берген адамның қайтқанына байланысты, аз қамтылған азаматтар ретінде есептен шықса немесе Ұзынкөл ауданының аймағынан көшіп кетсе тоқтатылады деп анықталсын".
Берілген қаулының 1 тармағының 7), 8) тармақшаларында қарастырылған әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаларға, олардың таңдауы бойынша бір негіз бойынша әлеуметтік көмек төленуі анықталсын.
Ескерту. 3-тармаққа толықтыру енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.04.05 № 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4. Әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданың әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған іс–қимылдарға таратылады.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛIСIЛДI:
"Ұзынкөл орталық аудандық аурухана"
мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
кәсіпорны, бас дәрігер
__________________ Қ. Ержанов
2010 жылғы 29 қаңтар
Ұзынкөл ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 29 қаңтар № 57
қаулысына қосымша
Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтiк
көмектi тағайындау үшін қажеттi құжаттар тiзбесi
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін арналған міндетті құжаттар болып табылады:
әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш беруші тұлғаның өтініші;
өтінушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшiрмесi;
тұрғылықты жерді растайтын құжат немесе, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе құжаты.
Сонымен бірге:
1)қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмекке:
қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтамасы;
баланың тууы туралы куәлiгiнің көшiрмесi.
жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi өкілетті органның жұмыссыз ретiнде ата-ана немесе басқа заңды өкілдің тiркелгенi туралы анықтамасы;
2) қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмекке:
қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтамасы;
қайтыс болған жұмыссыздың жеке тұлғасын растайтын құжатының көшірмесі;
жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкілетті органның қайтыс болған адамның жұмыссыз ретiнде тiркелгенiн растайтын анықтамасы;
егер жерлеу отбасы мүшелерінің тұрғысынан іске асырылған болса, өтініш иесі туыстық қатынастарды растайтын дерек ретінде құжатты табыс етеді (түпнұсқасы, көшiрмесi);
егер қайтыс болғанның жерлеуі отбасы мүшелермен емес, iске асырылған болса, өтiнiш иесi жол-жора қызметтерiн көрсететiн мекемеден алынған құжатты (түпнұсқасы, көшiрмесi) немесе жерлеудің іске асырылғандығын растайтын селолық округ, село әкімі аппаратынан алынған анықтамасын ұсынады.
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұратын тұрмыстық қажеттіліктеріне үшін ай сайынғы әлеуметтік көмекке:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе мүгедектерінің куәлігінің көшірмесі;
4) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау үшін біржолғы әлеуметтік көмекке: медициналық мекеменің анықтамасы.
2. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі куәландырылады және іске қалыптастырылады.