"Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 230 "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 141 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 мамырда № 9-19-127 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 14.05.2014 № 120 қаулысымен (осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағына, "Ұлы Отан соғысының мүгедектерін және олармен теңестірілген тұлғаларды, қатысушыларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 9-19-118 тіркелген, 2010 жылғы 15 қаңтарда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) "Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 230 шешіміне" сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 230 "2010-2012 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 57 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 9-19-121 тіркелген, 2010 жылғы 25 наурызда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек";
      1 тармақ келесі мазмұндағы 8), 9) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "8) орта және жоғары білім алуына байланысты шығындардың орнын толтыру үшін ең төмен күнкөріс деңгейдегі жан басына шаққандағы орташа табысты отбасылардағы және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек";
      "9) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне отыз бес мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек";
      3 тармақ келесі мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын:
      "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне, азық - түлік корзинасының мөлшерінің өсуіне есепте тұрған аз қамтылған азаматтарға ай сайын берілетін әлеуметтік көмек арыз берген адамның қайтқанына байланысты, аз қамтылған азаматтар ретінде есептен шықса немесе Ұзынкөл ауданының аймағынан көшіп кетсе тоқтатылады деп анықталсын";
      "берілген қаулының 1 тармағының 7), 8) тармақшаларында қарастырылған әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаларға, олардың таңдауы бойынша бір негіз бойынша әлеуметтік көмек төленуі анықталсын".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған іс–қимылдарға таратылады.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл орталық аудандық
      аурухана" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорны, бас дәрігер
      ______________ Қ. Ержанов

      "Ұзынкөл ауданының білім
      беру бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі, бастық
      ___________ А. Бараншина

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бастық
      ___________________  Е. Құдабаев

      "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі, бастық
      ___________________ Ә. Сарсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады