Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011.02.21 № 52 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға өз әрекетін таратады) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 29 бабының 7 тармағын, Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" қаулысына, Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 230 "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе мөлшерінде материалдық көмек белгіленсін (әрі қарай – материалдық көмек).
2. Материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның ұсынған тізімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.В Слесарьға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға өз әрекетін таратады.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының білім беру
бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
бастық _________ А. Бараншина
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бастық
_______________________ Е. Құдабаев
"Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі, бастық
________________ Ә. Сарсенова