Ескерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011.12.30 № 4-19/1435 хаты).
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ.Өтегеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ахметов