2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 454 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қаңтарда № 9-20-187 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 4-19/1435 хаты)

      Ескерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011.12.30 № 4-19/1435 хаты).

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ.Өтегеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады