Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011.01.06 N 1-34/8 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 29-бабы 7-тармағына сәйкес, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық бюджеттен әлеуметтік көмектің мынадай түрін көрсетуді қамтамасыз етсін:
үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) 2010 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.
2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) көрсетіледі;
2) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) ағымдағы тоқсанға арыз берген айынан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады;
3) әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкелетін жағдай (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, қайтыс болғанда, мүгедектіктен шығарғанда) болған айдан кейін келесі айдан бастап төлемақы жүргізу тоқталады.
4. Қала әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиеленетін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 92/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 2 сәуірде N 12-2-133 тіркелген, "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде 2010 жылғы 7 сәуірде N 57 жарияланған) күші жойылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов