Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 92/2 қаулысы. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 сәуірде N 12-2-133 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 03 қыркүйектегі N 540/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.09.03 N 540/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына тарайды.
      3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Ақсу қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
N 92/2 қаулысымен  
бекітілді     

Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін
және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау
және төлеу тәртібі туралы ереже

1. Жалпы ереже

      Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдары негізінде әзірленді.
      1. Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы (бұдан әрі - Жәрдемақы) тағайындау мен төлеу олар 18 жасқа толғанға дейін жүргізіледі.
      2. Жәрдемақы жәрдемақының басқа түрлерін алуына қарамастан тағайындалады және төленеді.
      3. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде Ақсу қаласында үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға көмек тағайындау жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі - Комиссия) ол түскен күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
      4. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш барлық ұсынған құжаттармен, сондай-ақ Комиссияның Жәрдемақы тағайындау туралы шешімімен хаттама алушының жеке ісінде сақталады.
      5. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, Комиссия өтініш берушіні бас тарту себебін көрсетіп хабардар етеді.
      6. Өтініш беруші "Ақсу қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - ПМПК) берілген қорытынды мерзімінің ұзартылғаны және мүгедек баланың тұратын жерінің өзгергені туралы "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Бөлім) хабарлайды.
      7. Жәрдемақы төлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Жәрдемақы төлеу жөнінде дау туған жағдайда сұрақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.

2. Жәрдемақы тағайындау тәртібі

      9. Жәрдемақы ата-анасының біреуі немесе оны ауыстыратын адамның өтініші бойынша тағайындалады және төленеді.
      10. Жәрдемақы туылған, асырап алынған, сонымен қатар қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалады және төленеді.
      11. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш ата-анасының біреуімен немесе оны ауыстыратын адаммен Бөлімге беріледі.
      12. Жәрдемақы мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туындаған және ПМПК қорытынды берген уақыттан бастап тағайындалады.
      13. Жәрдемақыны тағайындауға және төлеуге тоқсан сайын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін тапсыру ата-анасының біреуі немесе оны ауыстыратын адам Бөлімге міндетті түрде жүзеге асырылады.
      14. Жәрдемақы тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсыну қажет:
      1) онда жеке есепшоты мен екінші деңгейдегі банктің атауы немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы жеке есепшоты көрсетілген ата-анасының біреуінің, оны ауыстыратын адамның өтініші;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      3) ПМПК қорытындысы;
      4) дәрігерлік-кеңес комиссиясының (ДКК) хаттамасынан үзінді көшірмесі;
      5) медициналық-әлеуметтік сараптамамен (МЭС - 5) берілген анықтама көшірмесі;
      6) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      7) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжат көшірмесі;
      8) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
      Жәрдемақы тағайындау туралы қамқоршының (қорғаншының) өтінішіне қамқоршының (қорғаншының) куәлігі немесе қамқоршылық және қорғаншылық органының қамқоршылық (қорғаншылық) тағайындау туралы шешімнен үзінді қоса тапсырылады.
      15. Жәрдемақыны тағайындауға қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі Бөлімге беріледі, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Бөлімнің мамандары жәрдемақыны тағайындауға және төлеуге құжаттардың көшірмесін растайды, қоса берілген құжаттармен өтінішті тіркеу журналына тіркейді және өтініш білдірушіге қабылданғаны туралы белгімен өтініштің кесілген талонын береді.
      17. Жәрдемақы бірінші рет тағайындалғанда Жәрдемақы қорытындыны алуға өтініш білдірген айдан бастап қорытындының мерзімі біткенге дейін төленеді, өтініш білдірген ай деп мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажеттілігі туралы қорытындыны қосып өтініш білдірген ай саналады.
      18. Жәрдемақы өтініш білдірген күннен бастап тағайындалады.
      19. Өзгерістер болған жағдайда, әлеуметтік көмекті алу құқығы келесі тоқсанда қайта қаралады.

3. Жәрдемақы төлеу

      20. Материалдың көмекті қаржыландыру көзі қалалық бюджеттен бөлінген қаражат болып табылады.
      21. Жәрдемақыны төлеу бөліммен қалалық бюджет қаражаты есебінен, алушының өтініші негізінде, тоқсан сайын есеп беруден кейінгі айдың 1 күнін алғанда, бекітілген 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
      22. Тағайындалған сомаларды алушылардың жеке есепшотына аудару қаржының түсуіне қарай жүргізіледі.
      23. Жәрдемақыны аудару өткен тоқсанға жүргізіледі.
      24. Алушылар біле тұра жалған мәліметті және дұрыс емес құжаттарды беру салдарынан артық төленген сомалар алушыдан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қайтарып алынады.

Ақсу қаласында мүгедек балаларды  
үйде тәрбиелейтін және оқытатын  
отбасыларына жәрдемақы тағайындау
және төлеу тәртібі туралы ережеге
қосымша            

"Аксу қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы     
_________________________________
_________________________________
(Т. А. Ә А)       
_________________________________
_________________________________
(елді мекен, аудан, көшесі, үйдің
және пәтердің N, телефоны)  
_____________________ мекен-жайы
бойынша тұратын             
_________________________________
_________________________________
(өтініш берушінің Т, А, Ә А)  
жеке куәлігінің N _______________
берілген күн_____________________
берілді__________________________
СТН______________________________
жұмысының түрі___________________

ӨТІНІШ

      Маған _________________________________________________________
                               (Т, А, Ә А )
мүгедек баланы үйде тәрбиелеп және оқытқаным үшін жәрдемақы тағайындап және төлем жасауыңызды сұраймын.
      Менің отбасымның құрамында  __________________ адам.
      Өтінішке белгіленген үлгідегі құжаттар тіркелді.
      Қандай да бір өзгерістер туралы "Аксу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Өтірік ақпарат және дұрыс емес (түзетілген) құжаттар берген үшін жауапты болатындығым туралы ескертілдім.

"_____  "    __________20____жыл         ____________________________
Құжаттар қабылданды                         (өтініш берушінің қолы) 
"______"    __________20___   жыл        ____________________________
                                        құжат-дықабылдағанның тегі,
                                                аты,әкесінің аты)
                                              Отбасының тіркеу нөмірі
_____________________________________________________________________
                               Кесу сызығы

      Қандай да бір өзгерістер туралы "Аксу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Өтірік ақпарат және дұрыс емес (түзетілген) құжаттар берген үшін жауапты болатындығым туралы ескертілдім.
      Өтініш берушінің қолы ________________________________________
      Азамат (азаматша) _____________________________________қосымша
      берілген құжаттар саны______бірлік отбасының тіркеу нөмірімен
      _______ өтініш қабылданды.

Қабылданды "_____"        ________________       20 _____ жыл.
Құжаттарды қабылдағанның тегі, аты, әкесінің аты ___________________
____________________________________________________________________
лауазымы___________________________     қолы _______________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады