Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 22.05.2013 N 9 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған, кезекті XX сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы желтоқсандағы (IV шақырылған, кезекті XIX сессия) "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 241/20 шешімнің негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 1 наурыздағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалануына өтемақы беру туралы" N 10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-259 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 1 сәуірде "Отарқа" газетінде N 14 және 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Вести Екибастуза" газетінде N 13 жарияланған), (бұдан әрі – Шешім), келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің 1-тармағының 4-тармақшасындағы "жалғыз тұратындар және жұбайларымен тұратындар" сөздері "азаматтарды тіркеу кітабында бір жақта тіркелген және жұбайларымен тіркелген" сөздерімен ауыстырылсын;
2) шешімнің 1-тармағының 5-тармақшасындағы "70" саны "110" санына ауыстырылсын;
3) шешімнің 1-тармағының 5-тармақшасындағы "құрамындағы" сөзі "тіркелген" сөзіне ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев