Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 1 наурыздағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалануына өтемақы беру туралы" N 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 18 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда N 12-3-263 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 22 мамырдағы N 9 шешімімен

      Ескерту.  Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 22.05.2013 N 9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған, кезекті XX сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы желтоқсандағы (IV шақырылған, кезекті XIX сессия) "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 241/20 шешімнің негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 1 наурыздағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалануына өтемақы беру туралы" N 10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-259 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 1 сәуірде "Отарқа" газетінде N 14 және 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Вести Екибастуза" газетінде N 13 жарияланған), (бұдан әрі – Шешім), келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) шешімнің 1-тармағының 4-тармақшасындағы "жалғыз тұратындар және жұбайларымен тұратындар" сөздері "азаматтарды тіркеу кітабында бір жақта тіркелген және жұбайларымен тіркелген" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) шешімнің 1-тармағының 5-тармақшасындағы "70" саны "110" санына ауыстырылсын;
      3) шешімнің 1-тармағының 5-тармақшасындағы "құрамындағы" сөзі "тіркелген" сөзіне ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады