Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалануына өтемақы беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкім міндетін атқарушысының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 10 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 наурызда N 12-3-259 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 22 мамырдағы N 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 22.05.2013 N 9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (ІV шақырылған кезекті ХІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Екібастұз қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 221/19 шешімінің негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов):
      1) келісім шарттар негізінде тұрғындарға коммуналдық қызмет пен телефон байланысы қызметін көрсететін кәсіпорындармен (бұдан әрі – Кәсіпорындар) өзара әрекет етсін;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін өтемақыны қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш бойынша Кәсіпорындардың есеп шоттарына ақшалай қаржы аудару жолымен, қолма-қолсыз нысанда тағайындауды және төлеуді, Кәсіпорындардың бұдан әрі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің дербес шоттарына төлем аударымдарын растауымен жүргізсін;
      3) тұрғындарға коммуналдық қызметті көрсетуші Кәсіпорындардың мәліметтері бойынша ай сайынғы телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалану өтемақы мөлшерін өткен айға айсайын төлеп отырсын;
      4) азаматтарды тіркеу кітабында бір жақта тіркелген және жұбайларымен тіркелген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтің және телефон қызметінің барлық түрлеріне, соның ішінде абоненттік төлем қызметіне өтемақыны толық көлемде тағайындасын;
      5) жылу қуаты үшін шығынды және тұрғын-жайды ұстау өтемақысын тұрғынжайдың жалпы алаңынан 30 шаршы метрге, электр қуаты үшін 110 киловатт сағатқа, тек қана отбасы тіркелген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төлесін.
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне қалған коммуналдық қызмет шығынының өтемақысын қолданыстағы тарифтер бойынша жүргізсін.
      Ыстық және суық суды есептейтін құралдары барларға шығындар өтемақысын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің үлесіне қарай есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша жүргізсін.
      Телефон қызметі байланысына абоненттік төлемінің шығын өтемақысын қолданыстағы тариф бойынша толық көлемде төлесін;
      6) Екібастұз өңірінің ауылдық аймақтарында және Екібастұз қаласының жеке меншік үйлерінде тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өтемақы көлемін телефон байланысы қызметі мен коммуналдық қызметті нақты тұтынуына қарай осы шешімнің 1-тармақ 5-тармақшасында көрсетілген шама мөлшерінде есептесін;
      7) коммуналдық қызмет және телефон байланысы қызметін пайдаланғаны үшін өтемақы берумен байланысты шығынды қаржыландырудың жылдық бюджеті аясында жүзеге асырсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2010.04.19 N 18 шешімімен.
      2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет және телефон байланысы қызметін пайдаланғаны үшін өтемақыны 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындасын.
      3. Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 12 қаңтардағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалануына өтемақы беру туралы" N 2 шешімі жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко

Екібастұз қаласы әкімінің   
2010 жылғы 1 наурыз N 10 шешіміне
қосымша           

Екібастұз қаласы әкімдігінің    
халықты жұмыспен қамту          
және әлеуметтік мәселелер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығына
_________________________________
Аты, әкесінің аты, тегі   
Екібастұз қаласында тұрғылықты  
тұратын мекенжайы:              
көше_____________________________
үй_______________________________
пәтер____________________________
телефон__________________________

ӨТІНІШ

      Сізден, телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті қолданғаным үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы (мүгедек) ретінде ай сайын өтемақы тағайындауыңызды сұраймын.
      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беріп отырмын:
      1. Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы.
      2. Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектік мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмесі.
      3. Жеке куәліктің көшірмесі.
      Телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті қолданғаным үшін маған ай сайын есептеген өтемақыны шамалар шегінде, кәсіпорындардың есеп шоттарын айсайын аударуыңызды сұраймын.
      Отбасы құрамында өзгерістер болған кезде 10 күн ішінде хабарлаймын.

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Күні___________________                    Қолы______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады