Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2010 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 363/4 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда N 12-3-265 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағына 14-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған кезекті XХ сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 241/20 шешімін орындау мақсатында, аз қамтамасыз етілген отбасыларды (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілсін.
      2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғалардың (отбасылардың) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
      3. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты туралы өтініш;
      2) аз қамтамасыз етілген отбасының мәртебесін растайтын анықтама;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі);
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірмесі);
      5) жеке куәлігі (көшірмесі);
      6) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес шот нөмірі.
      4. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов) қаланың 2010 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н. М. Күлжанға жүктелсін.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.06.07 N 484/6 қаулысымен.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 28 сәуір   
N 363/4 қаулысына    
қосымша        

Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын
аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке
шаруашылығын дамыту үшін 2010  жылға
біржолғы материалдық көмек беру туралы
Құрамы

Нұрлан Мұкатайұлы Күлжан

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Серік Әубәкішұлы Арыстанов

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Ботагөз Сейлбекқызы Қожанова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Болат Қайыржанұлы Құспеков

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығы;

Кенжебек Дүйсембайұлы Дүйсенбаев

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Әлия Көкішқызы Базарбаева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары.

О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2010 год

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 28 апреля 2010 года N 363/4. Зарегистрировано Управлением юстиции города Экибастуза Павлодарской области 19 мая 2010 года N 12-3-265. Утратило силу в связи с истечением срока действия - на основании письма акимата города Экибастуза Павлодарской области от 22 августа 2011 года N 3-05/221

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия - на основании письма акимата города Экибастуза Павлодарской области от 22.08.2011 N 3-05/221.

      В соответствии с подпунктом 14 пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, во исполнение решения Экибастузского городского маслихата (очередная XX сессия, IV созыв) от 9 февраля 2010 года N 241/20 "О внесении изменений и дополнений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная XIX сессия IV созыв) от 25 декабря 2009 года N 221/19 "О бюджете города Экибастуза на 2010 - 2012 годы", в целях поддержки малообеспеченных семей (лиц), акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый состав комиссии по назначению единовременной материальной помощи малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза (далее - Комиссия).
      2. Установить, что право на получение единовременной материальной помощи на развитие личного подворья имеют малообеспеченные семьи (лица), проживающие в сельской местности города Экибастуза.
      3. Для получения единовременной материальной помощи на развитие личного подворья, необходимо представить в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза":
      1) заявление о цели использования материальной помощи;
      2) справку, подтверждающую статус малообеспеченной семьи;
      3) книга регистрации граждан (копия);
      4) регистрационный номер налогоплательщика (копия);
      5) удостоверение личности (копия);
      6) номер лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня.
      4. Единовременная материальная помощь на развитие личного подворья назначается решением Комиссии.
      5. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" (Аристанов С. А.) осуществлять финансирование единовременной материальной помощи в рамках годового бюджета города на 2010 год.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Кулжан Н. М.
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 07.06.2010 N 484/6.

      Аким города Экибастуза                     Н. Набиев

Приложение      
к постановлению акимата   
города Экибастуза и   
от 28 апреля 2010 года N 363/4

Состав комиссии по назначению единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным
семьям (лицам), проживающим в сельской местности
города Экибастуза на 2010 год

Кулжан Нурлан Мукатаевич

- заместитель акима города Экибастуза, председатель комиссии;

Аристанов Серик Аубакишевич

- начальник государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза", заместитель председателя комиссии

Кожанова Ботагоз Сейльбековна

- заведующая сектором социальной помощи государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза", секретарь комиссии

Члены комиссии:

Куспеков Булат Кайыржанович

- начальник государственного учреждения "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата города Экибастуза";

Дюсенбаев Кенжебек Дюсенбаевич

- начальник государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии акимата города Экибастуза";

Базарбаева Алия Кокишевна

- заместитель начальника государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза".