Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағына 14-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған кезекті XХ сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 241/20 шешімін орындау мақсатында, аз қамтамасыз етілген отбасыларды (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілсін.
2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғалардың (отбасылардың) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
3. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты туралы өтініш;
2) аз қамтамасыз етілген отбасының мәртебесін растайтын анықтама;
3) азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі);
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірмесі);
5) жеке куәлігі (көшірмесі);
6) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес шот нөмірі.
4. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов) қаланың 2010 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н. М. Күлжанға жүктелсін.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.06.07 N 484/6 қаулысымен.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 28 сәуір
N 363/4 қаулысына
қосымша
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын
аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке
шаруашылығын дамыту үшін 2010 жылға
біржолғы материалдық көмек беру туралы
Құрамы
Нұрлан Мұкатайұлы Күлжан |
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Серік Әубәкішұлы Арыстанов |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Ботагөз Сейлбекқызы Қожанова |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы; |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Болат Қайыржанұлы Құспеков |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығы; |
Кенжебек Дүйсембайұлы Дүйсенбаев |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Әлия Көкішқызы Базарбаева |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары. |