Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек көрсету мәселесін тиісті орындау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2010 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" (N 12-3-265-мен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы N 22 "Отарқа" және 2010 жылғы 27 мамырдағы N 20 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) N 363/4 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
Қаулының 7-тармағындағы "Ғ.А.Оспанқұлов" сөздері "Н.М.Күлжан" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев