Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-255 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпанда "Отарқа" газетінде N 7 және 2010 жылғы 11 ақпанда "Вести Екибастуза" газетінде N 6 жарияланған) N 51/1 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрамына енгізілсін (бұдан әрі – Комиссия):
Әлия Қоқышқызы Базарбаева, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, Комиссия төрағасының орынбасары ретінде;
Ахмедиева Махабат Садыбекқызы, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Комиссия хатшысы;
Комиссия құрамынан Серік Әубәкішұлы Арыстанов, Мәдина Салахиденқызы Балтабаева шығарылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловқа жүктелсін.
Екібастұз қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Н. Дычко