2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 51/1 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 ақпанда N 12-3-255 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Павлодар  облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 236/18 қаулысымен, Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі (IV шақырылған кезекті XIV сессия) "Екібастұз қаласы бойынша оқитындарға қалаішілік жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру жеңілдігіне әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 169/16  шешімінің негізінде және Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XIX сессия) "Екібастұз қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 221/19 шешімімен, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 172/3 қаулысымен.
      1. Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Комиссия отырысы кемінде тоқсанына бір рет өткізілсін.
      2. Әлеуметтік көмекті алуға құқылы азаматтардың санаттары белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар; ресми мәртебесі бар, Ұлы Отан соғысы жылдары 6 ай жұмыс істеген тұлғалар;
      3) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      4) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрыңғы КСРО Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін  еңбек еткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдар;
      5) әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрыңғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      6) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) екінші рет некелеспеген жесірлері;
      7) екінші дүниежүзілік соғысы кезінде фашистермен құрылған бұрынғы гетто және басқа да мәжбүр ету мағынасындағы концлагерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары;
      8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің екінші рет некелеспеген отбасы;
      9) Ауған соғысына  қатысушылар және мүгедектер, сондай-ақ басқа да мемлекеттер аумағындағы әскери соғыс-әрекеттеріне қатысушылар;
      10) Чернобыль атом электр станциясының апаты салдарын жоюға қатысқандар;
      11) республикалық және облыстық мағанадағы дербес зейнеткерлер;
      12) өткен жылы әлеуметтік көмек алмаған, жан басына шаққандағы табысы күн көріс шегінен төмен айрықша жағдайға (өрт, үйді тонау, ұзаққа созылған бір айдан аса сырқат, әрі басқа да) тап болған тұлғалар;
      13) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде есепте тұрған жалғызілікті және жалғыз тұратын азаматтар;
      14) зейнетақы мөлшері ең төменгі зейнеткерлер;
      15) толық емес көлемде, бірақ ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын жасы бойынша зейнеткерлік төлемдерді алатын азаматтар;
      16) жасы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтар;
      17) жүкті әйелдер;
      18) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      19) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушылар;
      20) бөлімде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар;
      21) қайтыс болған сәтінде Бөлімнің есебінде тіркеуді тұрған жұмыссыздарды жерлеуді іске асырушы тұлғалар;
      22) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар;
      23) орта жанға шаққандағы табысы облыс бойынша бекітілген ең төмен күн көріс деңгейінің көлемінің мөлшерінен (сәйкес жылдың 2 тоқсаны) аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан студенттер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдер (мемлекеттік білім беру грантын алуға байқаудан өтпеген), сонымен қатар облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырушы студенттер; қала әкімінің гранты бойынша Екібастұз қаласының колледждерінде оқуын жалғастырушы студенттер;
      24) жоғары медициналық оқу орындарындағы жоғарғы курсында оқуын жалғастырушы студенттер;
      25) медицина және педагогика мамандықтарының жас мамандары;
      26) түберкулез ауруымен ауыратын тұлғалар;
      27) онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
      28) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен тұлғалар;
      29) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
      30) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек-әйелдер;
      31) арбадағы-мүгедектер;
      32) көру қабілетінен айырылған мүгедектер;
      33) есту мүмкіндігінен айырылған мүгедектер.
      3. Әлеуметтік көмекті алу үшін осы қаулының 2-тармағында көрсетілген әрбір санат бойынша келесі құжаттар Бөлімге берілуі қажет:
      1) 1-тармақшада көрсетілген санат үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне (2010 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша) біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін; тіс протездеуге біржолғы материалдық көмегін төлеу үшін, тұрғын үйді жөндеуге біржолғы материалдық көмегін төлеу үшін, дәрі-дәрмек сатып алуға ай сайынғы төлем үшін, – тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, әлеуметтік жеке кодының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді;
      Ұлы Отан соғысының 65-жылдығына арналған Астана мен Мәскеу қалаларында шеруге қатысатын Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне - бірыңғай киім үлгісін сатып алуға біржолғы материалдық көмегін төлеу үшін – "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің ардагерлер ұйымының Екібастұз қалалық филиалымен ұсынылған тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, мекенжайын көрсете отырып тізімін;
      2) 1, 9, 10-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - 1 жылда бір рет Алматы және Астана қалаларының госпитальдарына, тоқсанына бір рет облыстық диагностикалық орталығына бару және тұрақты жеріне кері қайту үшін жолақы шығындарын төлеуге – "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, әлеуметтік жеке кодының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке куәлігінің, мәртебесін растайтын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасын, белгіленген пунктке және кері тұрақты жеріне дейінгі автомобиль немесе теміржол көліктерінде пайдаланылған жол билеттерін;
      3) 2 - 10-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – 2010 жылдың 1 сәуіріне арналған жағдай бойынша, тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
      2, 3-тармақшаларда көрсетілген санаттарға қосымша Ұлы Отан соғысының 65-жылдығына орай осы төлемді республикалық трансферттер есебінен алатын тұлғалардан басқа біржолғы материалдық көмегін төлеу;
      4) 6, 7, 9, 10-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - тұрғын-үй-коммуналды қызметтерін өтеуге ай сайынғы материалдық көмек үшін – тегін,атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
      5) 9, 10-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы материалдық көмекті, сондай-ақ Отан қорғаушылар Күніне біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін – тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, әлеуметтік жеке кодының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді; Ауған соғысына қатысқандарға Ауғанстаннан әскерлерді шығарған Күніне орай қосымша біржолғы материалды көмек;
      6) 11-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – ай сайынғы материалдық көмекті төлему үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, әлеуметтік жеке кодының және салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген, жеке куәлігінің, республикалық немесе облыстық маңызы бар дербес зейнеткердің мәртебесін растайтын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы;
      7) 12-тармақшада көрсетілген санат үшін - біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, отбасы құрамы туралы анықтама, азаматтарды тіркеу кітабын немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасын, өрт, үйді тонау, сырқаттану туралы тиісті органдардан (қалалық ішкі істер бөлімінен, өрт бөлімінен, медициналық мекемеден және тағы басқалардан) анықтаманы, отбасының барлық мүшелерінің табыстары туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      8) 13-тармақшада көрсетілген санат үшін - тұрғын-үй-коммуналдық қызметтерін өтеуге тоқсан сайынғы материалдық көмекті, біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - тегін, атын, әкесінің атын, Бөлімнің үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің меңгерушілерімен ұсынылған "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірін, әлеуметтік жеке кодын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсетумен тізімі;
      9) 14, 15, 16-тармақшаларда көрсетілген санат үшін – тұрғын-үй-коммуналдық қызметтерін өтеуге тоқсан сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін – тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, әлеуметтік жеке кодын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді;
      10) 17-тармақшада көрсетілген санат үшін – ауылдық жерде және Екібастұз қаласының кенттерінде тұратын жүкті әйелдерге біржолғы материалдық көмегін төлеу үшін; 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке тұрған жағдайда аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, 4 және одан көп балалы отбасыларындағы әйелдерге, алғашқы босанғандарға - Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының Екібастұз қаласының емді-сауықтандыру жұмысты үйлестіру бөлімімен (келісім бойынша) ұсынылған, тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын, мәртебесін, әлеуметтік жеке кодын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, көрсете отырып тізімді;
      11) 18-тармақшада көрсетілген санат үшін – тоқсан сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, баланың және қорғаншысының тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, туған жылы, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімді (келісім бойынша);
      12) 19-тармақшада көрсетілген санат үшін – азық-түлік бағасының өсуіне байланысты тоқсан сайынғы материалдық көмегін төлеу үшін – Бөлімнің әлеуметтік көмек секторымен ұсынылған, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген тізімді;
      13) 20-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – кәсіби оқудан өту кезінде ай сайынғы материалды көмекті төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың көшірмелері, оқу кезеңін растайтын құжат;
      14) 21-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – жерлеуге біржолғы материалдық көмегін төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың көшірмелері, қайтыс болғаны туралы анықтама, жұмыссызға азаматтарды тіркеу кітабы немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, қайтыс болған сәтінде есепте тұрғаны жөніндегі Бөлімнің анықтамасы;
      15) 22-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – біржолғы материалды көмекті төлеу үшін – Екібастұз қаласының ішкі істер Бөлімімен ұсынылған (келісім бойынша) "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың көшірмелері көрсетілген тізім;
      16) 23-тармақшада көрсетілген санат үшін – студенттерге Екібастұз қаласының колледждеріндегі, жоғары оқу орындарындағы оқуларына төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген студенттің өтініші, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабінің немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, білім беру қызметін көрсетуге Екібастұз қаласы әкімінің, жоғары оқу орны және/немесе Екібастұз қаласының колледждерінің басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты келісім-шарт. Тұрудың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актілері және қосылған табыс туралы мәлімет бір рет оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау кезінде беріледі;
      жетім-балалар, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған төтенше жағдайға тап болған студенттерге Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарында және колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген студенттің өтініші, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабінің немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, білім беру қызметін көрсетуге Екібастұз қаласы әкімінің, жоғары оқу орны және/немесе Екібастұз қаласының колледждерінің басшысының және студенттің қолы қойылған келісім-шарт;
      жетім-балалар, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің және кәсіби мектептерінің оқушыларына, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын студенттерге ішкі қалалық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру құнын төлеуде әлеуметтік көмегі үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген студенттің өтініші, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабінің немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, оқу орнынан анықтама;
      Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі үшін әлеуметтік көмек көрсетуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке басы куәлігінің, мәртебесін растайтын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызметі басқармасының анықтамасы, оқу орнынан анықтама, белгіленген орынға дейін және тұрғылықты жеріне қайта қайтуға алған қала жанындағы автобус көлігінде қолданылған жол жүру билеттері;
      17) 24-тармақшада көрсетілген санат үшін – жоғары медициналық оқу орындарындағы соңғы курстағы студенттерге оқуларына төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, оқу орнынан анықтама, Екібастұз қаласы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты келісім-шарт;
      18) 25-тармақшада көрсетілген санаттар үшін (оқу ақыларын төлеу үшін әлеуметтік көмек алғандар тұлғалардан басқа, тек қана жоғары оқу орындарының медициналық және педагогикалық мамандықтарының түлектері) – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, ЖОО аяқтағаны туралы дипломның, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, ЖОО түлегін Екібастұз өңіріне жіберу туралы бұйрықтың көшірмелері, Екібастұз қаласының әкімімен, жұмыс берушімен және жас маманымен қол қойылған үш жақты келісімшарт;
      19) 26-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – міндетті медициналық тексеруден өтуге байланысты ауылдық жерде тұратындар амбулаториялық емделуде барларға жолақыға шығындарды өтеу үшін материалдық көмекті; біржолғы материалдық көмекті; амбулаториялық емделуде бар ауыратындарға тамақтануға ай сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы көрсетілген "Екібастұз қалалық түберкулез ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен (А.Қ.Құсайынова) (келісім бойынша) ұсынылған тізімді;
      20) 27-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген науқастың өтініші, әлеуметтік жеке кодының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, ауруды растайтын анықтаманың, жеке куәлігінің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі, Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы;
      "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына және тұрақты тұру орнына қайта қайтуға жол жүру шығындарын төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген науқастың өтініші, әлеуметтік жеке кодының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, жеке куәлігінің көшірмелері және онколог-дәрігердің кеңес беру қабылдауының көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, тиісті орынға және тұрақты орнына қайта қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттер;
      жыл ішінде қайта өтінген кезде - онколог-дәрігердің кеңес беру қабылдауының көшірмесі, тиісті орынға және тұрақты орнына қайта қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттері;
      21) 28-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, әлеуметтік жеке кодының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген ЖҚТБ-мен күрес және сауықтыру бойынша облыстық орталығының Екібастұз филиалымен ұсынылған тізімді;
      22) 29-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін – ата-аналарының (қамқоршысының) біреуінен "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті, әлеуметтік жеке кодының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, баланың мүгедектігін анықтайтын құжат, жеке куәлігінің көшірмесін, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабінің немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы;
      "Әлем" оңалту орталығында (мүмкіншіліктері шектеулі балаларды күту бойынша бөлімшесінде үйге барып әлеуметтік қызмет көрсетуде тұрған, тірек-қозғалу аппаратынның бұзылуынан зардап шеккен және облыстық оңалту орталықтарында оңалту курсын өту үшін қарсы көрсетілімдері бар ғана) оңалту курсынан өтуге материалдық көмекті төлеу үшін – баланың және ата-ананың (қамқоршының) тегін, атын, әкесінің атын, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген, Бөлімнің мүмкіншіліктері шектеулі балаларды күту бойынша бөлімшесі ұсынылған тізімді;
      23) 30-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері мүгедектігі туралы анықтаманың, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмелері немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 172/3; 2010.04.26 N 360/4; 2010.07.30 N 645/8 қаулыларымен.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының 2-тармағында көрсетілген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлеу  тағайындалсын, мына түрлер бойынша:
      1) 1-тармақшада көрсетілген санат үшін – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 5000 теңге сомаға мерекелік азық-түлік жиынтығы (Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі жыл сайын 1 сәуірден 9 мамыр кезеңінде қайтыс болған болса, мерекелік сыйлық-жиынтық отбасына тапсырылады), 15000 теңге мөлшерінде тіс протездеуге біржолғы материалдық көмек, 4000 теңге мөлшерінде тұрғын үйді жөндеуге біржолғы материалдық көмек, дәрі-дәрмек сатып алуға 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі ай сайынғы төлем, нақты құны бойынша бірыңғай киім формасын сатып алуға біржолғы материалдық көмек;
      2) 2-10-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      6-тармақшада көрсетілген санат үшін – 5000 теңге сомаға мерекелік азық-түлік жиынтығы (1 сәуірден 9 мамыр кезеңінде қайтыс болған болса, мерекелік сыйлық-жиынтық отбасына тапсырылады);
      2 санат үшін - 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      3 санат үшін – 25000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      3) 9, 10-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – сауықтыруға арналған 2 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      Отан қорғаушылар Күніне 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      Ауған соғысына қатысқандарға әскерлерді шығарған Күніне 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      4) 1, 9, 10-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – өтініш бойынша бір жылда бір рет Алматы және Астана қалаларындағы госпитальдарға, тоқсанына бір рет облыстық диагностикалық орталыққа бару және тұратын жеріне кері қайту үшін жолақы шығындарын төлеу;
      5) 6, 7, 9, 10-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – 1,25 АЕК мөлшерінде ай сайынғы төлемдер;
      6) 11–тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтініш беру мерзіміне қарамастан 1 қаңтардан 1 АЕК мөлшерінде ай сайынғы төлемдер;
      7) 12-тармақшада көрсетілген санат үшін – Комиссияның шешімі бойынша 15 мәрте АЕК аспайтын мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
      8) 13-тармақшада көрсетілген санат үшін – Қарттар күні мен мүгедектер Күніне 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 2 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      9) 14, 15, 16, 18, 19-тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін – 2 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      10) 17, 20, 22-тармақшаларында 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      11) 21-тармақшада көрсетілген санат үшін – 15 мәрте АЕК мөлшерінде жерлеуге біржолғы материалдық көмек;
      12) 23-тармақшада көрсетілген санат үшін – Комиссия шешімі бойынша жоғары оқу орындарында және Екібастұз қаласының колледждерде оқығаны үшін тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнының мөлшерінде төлем;
      облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін – оқу кезеңінде тұруына, тамағына және тұрғылықты жеріне жолақысына 7000 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем;
      жетім-балалар, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің және кәсіби мектептерінің оқушыларына, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін  әлеуметтік көмек алатын студенттерге – Екібастұз қаласы бойынша ішкі қалалық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) толық жол жүру құнының 50 % мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына - қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) белгіленген орынға дейін және тұрғылықты жеріне қайта қайтуға жол жүру билетінің толық құнынан 100% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      13) 24-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – Комиссия шешімі бойынша жоғары медициналық оқу орындарындағы соңғы курстағы студенттерге оқуларына төлеу үшін тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнының мөлшерінде төлем;
      14) 25-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне 500000 теңге мөлшерінде, педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектеріне 100000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      15) 26-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; "Екібастұз қалалық түберкулез ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде міндетті медициналық тексеруден өтуге байланысты ауылдық жерде тұратындар амбулаториялық емделуде барларға жолақысына жолақының нақты құнының мөлшерінде төлем; амбулаториялық емделуде бар ауыратындарға тамақтануға 9000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      16) 27-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; жол жүрудің нақты мөлшерінде "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына және тұрғылықты орнына қайта қайтуға жол жүру шығындарын өтеу;
      17) 28-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      18) 29-тармақшада көрсетілген санат үшін – Мүгедектер Күніне 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; 14750 теңге мөлшерінен аспайтын "Әлем" оңалту орталығында оңалту курсынан өтуге материалдық көмек;
      19) 30-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 8000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      20) 31, 32, 33-тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін – көліктік тасымалдауды ұсыну түрінде қызмет көрсету; кресло-арбаларды, тифлотехникалық құралдарды жөндеу; тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарды, кресло-арбаларды жеткізу бойынша қызмет көрсету.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 172/3; 2010.04.26 N 360/4; 2010.07.30 N 645/8 қаулыларымен.
      5. Отбасының құрамы жиынтық кірісі анықталған кезеңге есептеледі.
      6. Өтініш беруші осы немесе басқа әлеуметтік көмектің түрлерін алуға арналған құқығына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осы өзгеріске әкелетін жағдайлар жөнінде 15 күннен аспай бөлімді хабардар етеді.
      7. Алынып тасталды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 172/3 қаулысымен.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      9. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру 2010 жылға арналған қалалық бюджет аясында жүзеге асырылады.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С. С. Төлеубаевқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Павлодар облысының
      денсаулық сақтау
      басқармасының бастығы
      2010 жылғы 20 қаңтар                       А. Күзеков

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Екібастұз қаласы
      ішкі істер бөлімінің бастығы
      2010 жылғы 20 қаңтар                       О. Обухов

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 22 қаңтардағы 
N 51/1 қаулысына    
қосымша         

Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау бойынша комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.04.26 N 360/4; 2010.10.26 N 876/10 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Әлия Қоқышқызы Базарбаева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары

Ахмедиева Махабат Садыбекқызы

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Александр Егорович Белых

- Екібастұз қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Минора Манапқызы Әубәкірова

- Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Екібастұз қалалық емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің бастығы

Балғабай Құдайбергенұлы Шахметов

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

Болат Қайыржанұлы Құспеков

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

Жаңылсын Ералықызы Хамитова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады