Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы "Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-74 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 маусымдағы аудандық "Родные просторы" N 26 газетінде жарияланған) N 172/5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақта:
"15000" деген сандар "20000" деген сандармен ауыстырылсын;
"(он бес мың)" деген сөздер "(жиырма мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған бірінші күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Шұғаев