Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 172/5 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 маусымда N 12-6-74 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы N 96/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.02.28 N 96/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2)11) -тармақшасына сәйкес, тұрғындарды жұмыспен қамтуға қолғабыс көрсету шараларын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері (бұдан әрі – оқу мекемелері) – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде Жастар практикасына жұмысқа орналастыру белгіленсін.
      2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) еңбек нарығында пайда болған жағдайлар мен жұмыссыз жастар құрамын есепке ала отырып, оларды Жастар практикасына жіберу үшін оқу мекемелерінің жұмыссыз түлектері санын анықтасын.
      3. Уәкілетті органға жастар практикасын ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші), меншіктік нысанына байланыссыз (келісім бойынша), ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен келісімшартың негізінде өзара әрекет етеді. Келісімшарт жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар санын, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын кәсіптер тізілімін (мамандық), қажет болған жағдайда қосымша кәсіптік  даярлау, жастар практикасына қатысушынын кәсіби білімімен, олардың кәсібіне сәйкес, білік тілік пен дағды мен қамтамассыз ету міндеттемесін қарастырады.
      4. Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде кезек тәртібінде тіркеуде тұрған, оқу мекемелері түлектерінің оқуды тамамдағаннан кейін 12 ай ағымында Жастар практикасына қатысуға құқығы бар. Жастар практикасын өту мерзімі алты айдан болмауы тиіс.
      5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджеттен нысанды трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
      Жастар практикасына қатысушыларының еңбек ақысы нақты жұмыс істеген уақыты үшін 26000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде Уәкілетті органмен төленеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 120/4; 2011.07.27 N 258/8 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 шілдедегі қатынастарға таратылады.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады