Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы N 168/4 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 шілдеде N 12-8-86 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы N 228/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 15.06.2012 N 228/11 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 12-тармақтарына, 718-1-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілетті органына:
      1) жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен шарттары көзделген келісім шарттар жасайды;
      2) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау олардың келісімімен жүзеге асырылады және жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар есептен алынады;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын мынадай өлшемдер бойынша іске асыруға ұсынатын ұйымдарды (кәсіпорындарды) іріктеу тәртібі:
      кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі, мемлекет алдында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздардың жоқтығы;
      кәсіпорынның зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасауды іске асыруы;
      қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеу.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру "Жұмыспен қамту" 002 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражатынан іске асырылады.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы "2009 жылы халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы" Ng144/4 қаулысы (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 12-8-70 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда N 23 "Заря" газетінде жарияланған);
      2) Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 145/4 қаулысы (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 12-8-70 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда N 23 "Заря" газетінде жарияланған).
      5. Качир ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" N 87/3 қаулысы жойылсын.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2010 жылғы 1 сәуірде пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  А.Қ.пМардановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Качир ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 03 маусымдағы
N 168/4 қаулысына  
қосымша       

Халықтың нысаналы топтарына жататын
тұлғалардың қосымша тізбесі

N р/б

Халықтың нысаналы топтары

1.

Әйелдер үшін 50-ден асқан және ерлер үшін 55-тен асқан жастағы тұлғалар

2.

Ұзақ мерзім бойы (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар

3.

21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар

4.

Бірде-бір жұмыс істейтіндері жоқ отбасылардан тұлғалар

Об организации и финансировании социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения

Постановление акимата Качирского района Павлодарской области от 3 июня 2010 года N 168/4. Зарегистрировано Управлением юстиции Качирского района Павлодарской области 9 июля 2010 года N 12-8-86. Утратило силу постановлением акимата Качирского района Павлодарской области от 15 июня 2012 года N 228/11

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата Качирского района Павлодарской области от 15.06.2012 N 228/11.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктами 12 статьи 5, статьями 718-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам населения, согласно приложения.
      2. Уполномоченному органу государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Качирского района":
      1) заключить договора с работодателями, в которых предусмотрены социальные рабочие места, сроки и условия финансирования социальных рабочих мест;
      2) осуществлять направление безработных на социальные рабочие места с их согласия и снятие с учета безработных, принятых работодателями на социальные рабочие места;
      3) при отборе организаций (предприятий), предлагающих социальные рабочие места руководствоваться следующими критериями:
      платежеспособность предприятия, отсутствие долга перед государством по налогам и другим обязательным платежам;
      осуществление предприятием отчислений в пенсионные фонды и в Фонд социального страхования;
      своевременность выплаты заработной платы работникам.
      3. Финансирование социальных рабочих мест осуществляется из средств местного бюджета по программе 002 "Программа занятости".
      4. Признать утратившими силу:
      1) постановление акимата Качирского района от 18 мая 2009 года N 144/4 "О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2009 году" (зарегистрировано в реестре государственных нормативных правовых актов за N 12-8-70, опубликовано в газете "Заря" 16 июня 2009 года N 23);
      2) постановление акимата Качирского района от 18 мая 2009 года N 145/4 "Об организации социальных рабочих мест" (зарегистрировано в реестре государственных нормативных правовых актов за N 12-8-72, опубликовано в газете "Заря" 16 июня 2009 года N 23).
      5. Отменить постановление акимата Качирского района от 1 апреля 2010 года N 87/3 "Об организации и финансировании социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения".
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 апреля 2010 года.
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Марданову А.К.

      Аким района                                Б. Бакауов

Приложение      
к постановлению акимата 
Качирского района    
от 03 июня 2010 года N 168/4

Дополнительный перечень лиц,
относящихся к целевым группам населения

N п/п

Целевые группы населения

1.

Лица, в возрасте старше 50 лет для женщин и старше 55 лет мужчин

2.

Лица, длительно (более года) не работающие

3.

Молодежь в возрасте от 21 года до 29 лет

4.

Лица из семей, не имеющих ни одного работающего