Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.06.03 N 168/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынның 31 бабы 1 тармағы 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы, 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. "Качир ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте 2009 жылға бекітілген қаражат шегінде әлеуметтік жұмыс орындарын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Бақауов
Качир ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 18 мамырдағы
N 145/4 қаулысымен
бекiтiлген
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмысқа орналастыру үшін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды нақтылайды, әлеуметтік жұмыс орындарын құратын және ұсынатын кәсіпорындармен, ұйымдармен, шаруа қожалықтарымен (бұдан әрі жұмыс берушілер) негізгі жағдайлар мен есептер жүйесін реттейді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыз азаматтардың еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнетақамен қамтамасыз ету және сақтандыру заңнамаларымен реттеледі.
2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негiзгi ұғымдар
3. Әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған жұмысшылапрдың еңбегіне төлеуді аудан бюджетінің қаражаты есебінен жарым-жартылай өтеумен, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісім шарт негізінде тұрғындардың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен құрылатын немесе ұсынылатын жұмыс орны.
4. Нысаналы топтар – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында жұмысқа орналасуда қиындық көретiн және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн қосымша актілермен белгіленген тұлғалар тобы.
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және оларды жұмысқа орналастыру тәртiбi
5. Әлеуметтiк жұмыс орындары аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтар үшін "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi арасында арнайы жасалған келiсiм шарт бойынша алты ай мерзiмге дейін ұйымдастырылады.
6. Кәсiпорындарды таңдауда әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмысшыларды бұдан әрі тұрақты жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін кәсiпорындар мен ұйымдарға ерекше ілтипат білдіріледі.
7. Кәсiпорындар және ұйымдармен әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыз азаматтар жеке келісім шарт негізінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның есебінен алынады.
8. Әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақы мөлшерi жұмыс берушiмен Казақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету, сақтандыру заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландыру көзi мен жағдайы
9. Әлеуметтiк жұмыс орнын қаржыландыру көзi: аудан бюджеті және жұмыс берушiлердің қаражаты.
10. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан есебінен "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасының "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламаларын кеңейту" 103 кіші бағдармаламасы бойынша iске асырылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2009.07.29 N 216/7 қаулысымен.
11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган жұмыс берушiлермен ҚР заңнамаларымен белгіленген ең аз еңбек ақыдан аспайтын, белгіленген еңбек ақының 50 % мөлшерінде жергілікті бюджеттің қаражатынан өтеледі.
12. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысы жарым – жартылай өтеумен жұмыс берушінің есеп шотына бюджеттік қаражатты аударумен жүргізіледі.
5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыруды бақылау
13. Осы Нұсқаулықты сақталуына бақылау белгіленген заңнамалар тәртібімен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.