Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 15.06.2012 N 228/11 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 1, 2-тармақтарына, 7, 18-1-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілетті органына:
1) жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен шарттары көзделген келісім шарттар жасайды;
2) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау олардың келісімімен жүзеге асырылады және жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар есептен алынады;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын мынадай өлшемдер бойынша іске асыруға ұсынатын ұйымдарды (кәсіпорындарды) іріктеу тәртібі:
кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі, мемлекет алдында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздардың жоқтығы;
кәсіпорынның зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасауды іске асыруы;
қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеу.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру "Жұмыспен қамту" 002 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражатынан іске асырылады.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы "2009 жылы халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы" Ng144/4 қаулысы (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 12-8-70 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда N 23 "Заря" газетінде жарияланған);
2) Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 145/4 қаулысы (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 12-8-70 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда N 23 "Заря" газетінде жарияланған).
5. Качир ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" N 87/3 қаулысы жойылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2010 жылғы 1 сәуірде пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.пМардановаға жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Бақауов
Качир ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 03 маусымдағы
N 168/4 қаулысына
қосымша
Халықтың нысаналы топтарына жататын
тұлғалардың қосымша тізбесі
N р/б |
Халықтың нысаналы топтары |
1. |
Әйелдер үшін 50-ден асқан және ерлер үшін 55-тен асқан жастағы тұлғалар |
2. |
Ұзақ мерзім бойы (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар |
3. |
21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар |
4. |
Бірде-бір жұмыс істейтіндері жоқ отбасылардан тұлғалар |