Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-104 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 ақпанда "Аққу үні" газетінің N 14 санында жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 13)–тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жеке ауланы дамытуға 90000 теңге көлемінде, жем сатып алуға 18000 теңге көлемінде бірретік материалдық көмек";
3-тармақтың 37)–тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"телефон құруға 12000 теңге көлемінде, көмір сатып алуға 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде бірреттік материалдық көмек".
2. Бұл қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов