Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 25 қазандағы N 261/10 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 қарашада N 12-9-120 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-104 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 ақпанда "Аққу үні" газетінің N 14 санында жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақтың 13)–тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жеке ауланы дамытуға 90000 теңге көлемінде, жем сатып алуға 18000 теңге көлемінде бірретік материалдық көмек";
      3-тармақтың 37)–тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "телефон құруға 12000 теңге көлемінде, көмір сатып алуға 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде бірреттік материалдық көмек".
      2. Бұл қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа  жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады