Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының, 14 тармақшасына, аудандық мәслихаттың (IV сайланған XVI сессиясы) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санатын бекіту туралы" N 5/16 шешіміне, аудандық мәслихаттың (IV сайланған XVI сессиясы) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 1/16 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санаты:
1) Ұлы Отан соғысына (әрі қарай – ҰОС) қатысқандар және мүгедектер;
2) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер және бұрынғы Одақ ордені және медальдарымен марапатталмағандар;
3) ҰОС қатысып, қайтыс болғандардың жұбайлары;
4) ҰОС кезінде қайтыс болған (қайтыс болған, жоғалып кеткен) әскери қызметкерлердің қайталап неке құрмаған жұбайлары;
5) Ауған соғысына қатысқандар;
6) Чернобыль атом электростанциясындағы авария зардаптарын жоюға қатысқандар;
7) бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь, гетто және де басқа тұтқындары;
8) "Қайсарлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері;
9) қайтыс болу кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарды жерлеу рәсімін атқаратын тұлғалар;
10) медициналық және педагогикалық білімі бар жас мамандар;
11) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер;
12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
13) орташа табысы күн көріс минимумынан төмен тіршілік ететін, төтенше жағдайға түсіп қалған тұлғалар (өрт, үй тонау, бір айдан аса созылған аурулар және тағы басқалары);
14) отбасылық кірісі бекітілген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтар;
15) "Облыс алдындағы ерен еңбегі" белгісімен марапатталған тұлғалар;
16) Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемелерге квота бойынша тексерілген және емделуді өтіп жатқан азаматтар;
17) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан және жетім балалар қатарынан мемлекеттік оқу грантына ие бола алмаған студенттер;
18) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
19) туберкулез ауруымен ауыратын тұлғалар;
20) онкологиялық ауруымен ауыратын тұлғалар;
21) "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрып, кәсіптік оқуда жүрген жұмыссыздар;
22) жоғарғы медициналық оқу орындарында соңғы курстарында оқып жүрген студенттер;
23) тірек қозғалу аппараты бұзылған және сол диагнозы қойылған балалар;
24) мөлшері төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
25) "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде тіркеуде тұрған жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдар;
26) атаулы әлеуметтік көмек алушылар және балаларға берілетін жәрдемақы алушылар;
27) І, ІІ топтағы мүгедектер;
28) жүктілік мерзімі бойынша 12 аптаға дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдер;
29) ата-анасының қамқорысыз қалған балалар;
30) зейнеткерлік жас алдындағы еңбекке қабілетсіз жұмыссыз азаматтар (әйелдер 55 жастан, ер адамдар 60 жастан);
31) зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыз азаматтар (әйелдер 55 жастан, ер адамдар 60 жастан);
32) арбамен жүретін мүгедектер;
33) көзі көрмейтін мүгедектер;
34) гемодиализ өткізуді қажет ететін тұлғалар;
35) бейбітшілік кезінде қаза болған жауынгерлердің отбасылары;
36) 1 жасқа дейінгі нәрестелер;
37) үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар;
38) Ұлы Отан соғысына қатысқанның отбасынан өкілдер (А. Баймульдин);
39) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
40) жетім балалар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.02.26 N 25/2; 2010.06.28 N 163/6 қаулыларымен.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әр санаты бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әлеуметтік көмек алу үшін мынандай құжаттар қажет:
1) 1-тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген санатқа – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай (2010 жылдың 1 сәуіріне байланысты) бір реттік материалдық көмек, тұрғын қызметі шығындарын өтеуге, дәрі-дәрмекке, абоненттік төлемді төлеуге, электроқуатын төлеуге ай сайын материалдық көмек алуға – аты, тегі, әкесінің аты, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақы түрі көрсетілген "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалының Лебяжі аудандық бөлімшесі ұсынатын тізім (келісім бойынша), "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі;
2) 1-тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 35)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай (2010 жылдың 1 сәуіріне байланысты) бір реттік материалдық көмек төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақы түрі көрсетілген "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалының Лебяжі аудандық бөлімшесі ұсынатын тізім (келісім бойынша), "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі;
3) 1-тармақтың 7)-тармақшасында көрсетілген санатқа - тұрғын қызметі шығындарын өтеуге ай сайын материалдық көмек төлеуге – аты, тегі, әкесінің аты, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақы түрі көрсетілген "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалының Лебяжі аудандық бөлімшесі ұсынатын тізім (келісім бойынша), "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі;
4) 1-тармақтың 5), 6)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты, емделуге, сонымен қатар бірреттік материалдық көмек Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай, отанды қорғау күніне орай материалдық көмекті төлеу үшін - аты, тегі, әкесінің аты, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақы түрі көрсетілген "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалының Лебяжі аудандық бөлімшесі ұсынатын тізім (келісім бойынша), "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі;
5) 1-тармақтың 9)-тармақшасында көрсетілген санатқа – жерлеу рәсіміне бірретік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, қайтыс болуы жайлы куәлігінің көшірмелері, қайтыс болу уақытында бөлімде тіркеуде тұрғандығы туралы анықтама және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
6) 1-тармақтың 10)-тармақшасында көрсетілген санатқа (тек медициналық және педагогикалық білімді түлектер) – бірретік материалдық көмек төлеуге -"Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы диплом, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жоғары оқу орнын бітірген түлектің Лебяжі ауданына жіберілгендігі туралы бұйрықтың, үш жақты келісім-шарт, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері;
7) 1-тармақтың 11)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайынғы материалдық көмекті төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
8) 1-тармақтың 12)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірретік материалдық көмек төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген Лебяжі ауданының ішкі істер бөлімі ұсынатын тізім;
9) 1-тармақтың 13)-тармақшасында көрсетілген санатқа – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, тонау, өрт, аурулығы және басқалары (аудандық ішкі істер бөлімінен, өрт бөлімінен, медициналық мекемеден және басқалары) туралы келісімді органның анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама;
10) 1-тармақтың 14)-тармақшасында көрсетілген санатқа – құжаттандыруға бірреттік материалдық көмекті төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, селолық округі әкімдігінің комиссиясымен жасалған өтініш берушінің отбасының тұрмыстық жағдайының актісі, селолық округ әкімінің өтініші;
11) 1-тармақтың 15)-тармақшасында көрсетілген санатқа – Лебяжі ауданында тұратындарға ай сайынғы материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, статусын растайтын құжат;
12) 1-тармақтың 16)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы, тексерілгенін немесе емделгенін растайтын көшірім, мекенге және тұрақты орынға дейін автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданған жол билеттері;
13) 1-тармақтың 17)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік, ай сайынғы материалдық көмекті төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, студентпен, ЖОО-ның бастығымен және Лебяжі ауданының әкімімен қол қойылған үш жақты келісім-шарт, отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының актісі және отбасының ортақ табысы туралы ақпарат біррет оқуға төлеуге әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде;
14) 1-тармақтың 18)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек төлеуге – бір ата-ананың (қамқоршының) материалдық көмек тағайындау туралы "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, баланың мүгедектігін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
15) 1-тармақтың 19)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек төлеуге (стационарлық емделуде) және алты айға дейін ай сайынғы материалдық көмек төлеуге (амбулаториялық емделуде) - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген аурудың өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, туберкулез ауруханасынан анықтама;
16) 1-тармақтың 20)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген аурудың өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауруын растайтын анықтама;
17) 1-тармақтың 21)-тармақшасында көрсетілген санатқа – кәсіптік оқуды өту барысында материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, оқу кезеңін растайтын анықтама;
18) 1-тармақтың 22)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік, ай сайынғы материалдық көмекті төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жоғары оқу орнының бастығымен және Лебяжі ауданының әкімімен қол қойылған үш жақты келісім-шарт;
19) 1-тармақтың 23)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайынғы материалдық көмек төлеуге – бір ата-ананың (қамқоршының) материалдық көмек тағайындау туралы "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, баланың мүгедектігін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
20) 1-тармақтың 24)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге материалдық көмек төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақы түрі көрсетілген "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалының Лебяжі аудандық бөлімшесі ұсынатын тізім (келісім бойынша), "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі;
21) 1-тармақтың 25)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге материалдық көмек төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі ұсынған тізім;
22) 1-тармақтың 26)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмекті төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, отбасының тұрмыстық жағдайының актісі, селолық округ әкімінің өтініші, статусын растайтын құжат;
23) 1-тармақтың 27)-тармақшасында көрсетілген санатқа – азық-түлік бағасының өсуіне байланысты бірреттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мүгедектігі туралы анықтама;
24) 1-тармақтың 28)-тармақшасында көрсетілген санатқа – ауылдық өңірде тұрып жатқан жүкті әйелдер, жүктілік мерзімі бойынша 12 жұмаға дейін есепке тұрған жағдайда бірреттік материалдық көмек төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген Лебяжі ауданының аудандық орталық ауруханасы (келісім бойынша) ұсынған тізімі;
25) 1-тармақтың 29)-тармақшасында көрсетілген санатқа – азық-түлік бағасының өсуіне байланысты бірреттік материалдық көмек төлеуге - баланың және қамқоршының аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізім;
26) 1-тармақтың 30), 31)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – ай сайынғы материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген аурудың өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, аурулығын растайтын анықтама, ауылдық округ әкімдігінің жанындағы комиссияның құрған тұрмыстық жағдайы туралы акт, селолық округ әкімінің қолдау хаты;
27) 1-тармақтың 32), 33)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – колясканы немесе тифло-техникалық құралдарды жөндеуге бірреттік материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген аурудың өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жөндеу керектігін растайтын құжат;
28) 1-тармақтың 34)-тармақшасында көрсетілген санатқа – мекенге және тұрақты орынға дейін шығындарды өтеуге материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мекенге және тұрақты орынға дейін автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданған жол билеттері;
29) 1-тармақтың 35)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты материалдық көмекті төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақы түрі көрсетілген "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалының Лебяжі аудандық бөлімшесі ұсынатын тізім (келісім бойынша), "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі;
30) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – балалар тамағын сатып алуға ай сайынғы материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, аурухананың балалар тамағы қажеттігі туралы анықтамасы;
31) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – компьютерлік құрал сатып алуға бірреттік материалдық көмек төлеуге – ата-ананың (қамқоршы, қорғаушы) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, облыстық психология-медикалы-педагогикалық консультация қорытындысы;
32) 1-тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – Псков облысына баруға бірреттік материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, екі жаққа қолданылған жол билеттері;
33) 1-тармақтың 39)-тармақшасында көрсетілген санатқа - Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, статусын растайтын құжаттың көшірмесі;
34) 1-тармақтың 40)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген (қамқоршы) өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік көшірмесі
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.02.26 N 25/2; 2010.06.28 N 163/6 қаулыларымен.
3. "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдағы 1-тармақта көрсетілген түрлері бойынша азаматтар санатына әлеуметтік төлемдерді тағайындасын және қызмет көрсетсін:
1) 1-тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек:
- Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне 130000 теңге көлемінде;
- тістерін протездеуге 15000 теңге көлемінде;
- аудандық және облыстық газеттерге және де "Ардагер" газетіне жазылуға газет құнының нақтылығы бойынша;
- пәтерлеріне жылы дәретхана салумен ағымды жөндеу жасау 370000 теңге көлемінде;
- парадқа арналған костюм сатып алуға 100000 теңге көлемінде;
- электрлік пешті сатып алуға және орнатуға арналған 200000 теңге көлемінде;
Ай сайынғы материалдық көмек:
- дәрі-дәрмек сатып алуға 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- абоненттік төлем ақысын төлеуге 300 теңге көлемінде;
- тұрғын қызметі шығындарын өтеуге 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- электр қуатын төлеуге нақты қолданғандығы бойынша;
- Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
канализация жүйесінен су жиынын шығару нақты құнының көлемінде;
2) 1-тармақтың 2), 4)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – "Ардагер" газетіне жазылуға газет құнының нақтылығы бойынша бірреттік материалдық көмек;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
3) 1-тармақтың 3)-тармақшасында көрсетілген санатқа –Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай 25000 теңге көлемінде, "Ардагер" газетіне жазылуға газет құнының нақтылығы бойынша бірреттік материалдық көмек;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
4) 1-тармақтың 5)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек:
- Ауғанстаннан әскерлерді шығару Күніне орай 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай бірреттік көмек сомасында 10000 теңге көлемінде;
Тоқсан сайынғы материалдық көмек:
- емделуге 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- тұрғын қызметі шығындарын өтеуге 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
5) 1-тармақтың 6)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек:
- Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай бірреттік көмек сомасында 10000 теңге көлемінде;
Тоқсан сайынғы материалдық көмек:
- емделуге 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- тұрғын қызметі шығындарын өтеуге 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
6) 1-тармақтың 7)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек:
- Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай бірреттік көмек сомасында 10000 теңге көлемінде;
- аудандық және облыстық газеттерге және де "Ардагер" газетіне жазылуға газет құнының нақтылығы бойынша;
Ай сайынғы материалдық көмек:
- тұрғын қызметі шығындарын өтеуге 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
7) 1-тармақтың 8)-тармақшасында көрсетілген санатқа – "Ардагер" газетіне жазылуға газет құнының нақтылығы бойынша;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
Жеңіс күніне арналған бір реттік материалдық көмек 10000 теңге көлемінде;
8) 1-тармақтың 9)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
9) 1-тармақтың 10)-тармақшасында көрсетілген санатқа – аудан орталығының арасындағы қашықтыққа байланысты 70 айлық есептік көрсеткіш - 200000 теңге көлеміне дейін бірреттік материалдық көмек;
хирург-дәрігеріне жеке ауласын дамытуға бір реттік материалдық көмек 200000 теңге көлемінде;
10) 1-тармақтың 11)-тармақшасында көрсетілген санатқа – дәрі-дәрмек сатып алуға тоқсан сайынғы материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
11) 1-тармақтың 12)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
12) 1-тармақтың 13)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
13) 1-тармақтың 14)-тармақшасында көрсетілген санатқа – құжаттандыруға арналған бірреттік материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
жеке ауланы дамытуға 90000 теңге көлемінде, жем сатып алуға 18000 теңге көлемінде бірретік материалдық көмек;
14) 1-тармақтың 15)-тармақшасында көрсетілген санатқа – ай сайынғы материалдық көмек 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
15) 1-тармақтың 16)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек, жол ақысының нақты құны бойынша төленеді;
16) 1-тармақтың 17)-тармақшасында көрсетілген санатқа – сәйкес оқу орнындағы оқуының нақты төлем ақысына сәйкес; ай сайынғы материалдық көмек – тұруға, тамаққа және тұрғын орнына баруға жол ақысы 7500 теңге көлемінде;
17) 1-тармақтың 18)-тармақшасында көрсетілген санатқа – дәрі-дәрмек сатып алуға бірреттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, балаларды қорғау Күніне және Жаңа жылға 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
18) 1-тармақтың 19)-тармақшасында көрсетілген санатқа – стационарлық емделудегі ауруларға бірреттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, "Боровое" курортына дейін билеттің екі жаққа дейінгі нақты құны бойынша, амбулаториялық емделудегі ауруларға (алты айға дейін) ай сайынғы материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
19) 1-тармақтың 20)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
20) 1-тармақтың 21)-тармақшасында көрсетілген санатқа – кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды өтіп жатқан жұмыссыздарға 7500 теңге көлемінде стипендия, дайындықты өткен әр айына;
21) 1-тармақтың 22)-тармақшасында көрсетілген санатқа – сәйкес оқу орнындағы оқуының нақты төлем ақысына сәйкес; ай сайынғы материалдық көмек – тұруға, тамаққа және тұрғын орнына баруға жол ақысы 7500 теңге көлемінде;
22) 1-тармақтың 23)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайынғы материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
23) 1-тармақтың 24)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тұрғын қызметі шығындарын өтеуге тоқсан сайынғы материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
24) 1-тармақтың 25)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тұрғын қызметі шығындарын өтеуге тоқсан сайынғы материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- жалғыз тұрып жатқан азаматтарға көмір сатып алуға бірреттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- жалғыз басты және жалғыз тұрып жатқан азаматтарға ай сайынғы материалдық көмек 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
25) 1-тармақтың 26)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек:
- аудандық және облыстық газеттерге және де "Ардагер" газетіне жазылуға газет құнының нақтылығы бойынша;
- жеке ауланы дамытуға 90000 теңге көлемінде;
- жем сатып алуға 18000 теңге көлемінде;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
26) 1-тармақтың 27)-тармақшасында көрсетілген санатқа – азық-түлік бағасынын өсуіне байланысты бірреттік материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
- көмір сатып алуға І топтағы мүгедектерге бірреттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
27) 1-тармақтың 28)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
28) 1-тармақтың 29)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде; жоғарғы оқу орнында және орта оқу орнында оқып жатқан балаларға аудандық және облыстық газеттерге жазылуға; 18 жасқа дейінгі балаларды асырап жатқан аз қамтылған қамқоршыларына ай сайын 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
29) 1-тармақтың 30), 31)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – ай сайынғы материалдық көмек 3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
30) 1-тармақтың 32), 33)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – колясканы және тифло-техникалық құралды жөндеуге бірреттік материалдық көмек жөндеудің нақты құны мөлшерінде;
31) 1-тармақтың 34)-тармақшасында көрсетілген санатқа – билеттің екі жаққа дейінгі нақты құны бойынша шығысы төленеді;
32) 1-тармақтың 35)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тұрғын қызметі шығындарын өтеуге, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде; дәрі-дәрмек сатып алуға ай сайынғы материалдық көмек 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
33) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – ай сайынғы материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
34) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 80000 теңге көлемінде;
35) 1-тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек екі жаққа қолданылған жол билеттерінің нақты құнының көлемінде;
36) 1-тармақтың 39)-тармақшасында көрсетілген санатқа - бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
37) 1-тармақтың 40)-тармақшасында көрсетілген санатқа - бір реттік материалдық көмек 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
телефон құруға 12000 теңге көлемінде, көмір сатып алуға 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде бірреттік материалдық көмек.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.02.26 N 25/2; 2010.04.16 N 87/4; 2010.06.28 N 163/6; 2010.10.25 N 261/10 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулыларымен.
4. Бұл қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін және 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталған құқықтық қатынастарға таралсын.
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2010 жылға арналған аудан бюджетінің шегінде жүзеге асырылады.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов