Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2011.10.17 N 326 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/1 шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті органда тіркелген жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіби лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасы ұйымдастырылсын (бұдан әрі - жастар практикасы).
2. Жастар практикасы меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде (бұдан әрі - жұмыс беруші) ұйымдастырылады және өткізіледі.
3. Жастар практикасы алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
4. Жұмыс берушінің жастар практикасын өтетін жұмыссыздың еңбекақысын төлеу шығындары тиісті жергілікті бюджет қаржысынан ай сайын 20 000 теңге мөлшерінде өтеледі.
Осы ретте жұмыс берушілер қосымша ақыны өз бетінше айқындауы мүмкін.
5. Жастар практикасын ұйымдастыру ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
6. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жастар практикасын өтетін жұмыссыздар арасында жасалған еңбек шартымен айқындалады.
7. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
8. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 92 (2009 жылғы 27 сәуір Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1706 тіркелді, 2009 жылғы 13 мамыр «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2009 жылғы 13 мамыр «Северный Казахстан» газетінде жарияланды);
«Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 92 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 30 маусымдағы № 176 (2009 жылғы 9 шілде Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1715 тіркелді, 2009 жылғы 15 шілде «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2009 жылғы 15 шілде «Северный Казахстан» газетінде жарияланды).
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов