Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 92 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 27 сәуірде N 1706 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 30 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.02.15 N 30 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі 2009 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимылдар жоспарын (Жол картасы) іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жоғары оқу орындарының, колледжер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылсын (бұдан әрі - жастар тәжірибесі).
      2. Жастар тәжірибесі меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде (бұдан әрі - жұмыс беруші) ұйымдастырылады және өткізіледі.
      3. Жастар тәжірибесі алты айғы дейін мерзімге ұйымдастырылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.30 N 176 Қаулысымен
      4. Жұмыс берушінің жастар тәжірибесін өтетін жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиісті жергілікті бюджет қаржысынан өтеледі. Осы ретте жұмыс берушілер қосымша ақыны жеке анықтаулары мүмкін.
      5. 2009 жылы жастар тәжірибесіне жіберілген жұмыссыздардың орташа айлық еңбекақысы 15 000 теңгені құрайды.
      6. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
      7. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жастар тәжірибесін өтетін жұмыссыздар арасында жасасқан еңбек шартымен айқындалады.
      8. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі             С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады